Ақтөбе облысының білім беру басқармасы бағасы 10 000 теңгеден асатын гаджеттерді қолдануға тыйым салды, деп хабарлайды mgorod.kz. Шенеуніктердің айтуынша, жаңа тәртіпті педагогтар, ата-аналар және оқушылардың өздері мақұлдаған.
Бұл бастама ең алдымен оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне бағытталған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бастауыш сынып оқушыларының 5-7% алыстан нашар көреді, ал 10-11 сыныпта бұл көрсеткіш 20% дейін жетеді. Білім беру мамандары мұның себебі смартфон қолданғаннан деген тұжырым жасап отыр. Смартфондарға тыйым салуды басқармадағылар оқушылардың қымбат бұйымдарының ұрлануымен де байланысты.
«Мектеп қабырғасында смартфондарға тыйым салудан бала мен ата-ананың байланысы үзіліп қалатынын білеміз. Сондықтан, мектептің ішкі тәртібіне құны 4 АЕК-тен аспайтын арзан телефон алып кіруге рұқсат беру жөнінде өзгерістер енгізілді», - деді Ақтөбе облысы білім беру басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова.
Сәйкесінше, енді оқушылар құны 10 000 теңгеден аспайтын телефондар әкеле алады. Сонымен қатар, білім беру басқармасы ешкім оқушылардың қалтасы мен портфеліне тінту жасамайтынын баса айтты. Смартфонмен көзге түскен балаға ескерту жасалады және ата-анасы шақыртылады.