19 Қаңтар, 2017

ХҚКО мобильдік топтары оқу орындарын аралайды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгіннен бастап азаматтарға қолайлы болуы үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильдік топтары электрондық үкімет порталы арқылы азаматтарды уақытша тіркеу бойынша қызметтерді көрсету үшін оқу орындарын, базарларды және сауда орталықтарын аралайтын болады, деп жазады ҚазАқпарат. «Уақытша тіркеліп үлгермеген азаматтар үшін ХҚКО-лардың мобильдік топтары ЖОО-ларда және сауда үйлерінде қызмет көрсететін болады. Мобильдік топтардың инспекторлары барлық қалаушыларға электрондық цифрлық қолтаңба жазып, электрондық үкімет порталында уақытша тіркеуге өтініш рәсімдеуге көмектеседі. Бұндай шаралар барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында ұйымдастырылды», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы - Мемлекеттік қызметтерді көрсету дирекциясының директоры Әсемгүл Балташева. Оның айтуынша, Астанада мобильдік топтар «Артем», «Еуразия», «Азиа парк» сауда үйлеріне, ал  Алматыда «Тигрохауд», «Арыстан», «Болашақ» және т.б. базарларға шығатын болады. Мобильдік топтар барлығы 82 нүктені, оның ішінде ЖОО-ларды, базарларды және мемлекеттік ұйымдарды қамтуды жоспарлап отыр. Естеріңізге сала кетсек, азаматтарды уақытша тіркеу қызметін электрондық үкімет порталы арқылы онлайн жүзеге асыруға болады. Қызмет «Азаматтық, миграция және иммиграция» тарауында қолжетімді.