19 Қаңтар, 2017

2016 жылы БҚО-да қылмыстық істер саны азайды

406 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
20170119164150 Батыс Қазақстан облысында өткен жылы соттарға 2387 (2015 жылы - 2962, одан 10 пайызға кем) адамға қатысты 1946 қылмыстық іс түсті, бұл алдыңғы жылғыдан (2223) 12,5 пайызға аз. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында БҚО сотының төрағасы Бек Әметов хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат. Оның айтуынша, сонымен қатар осы мерзімде 2214 адамға (2015 жылы - 2962, 17,8 пайызға аз) қатысты 1936 қылмыстық іс аяқталды. Бұл да 2015 жылғыдан (2392) 19 пайызға қысқарған. Үкім шығарылған істер саны да 5,2 пайызға (2015 жылғы 1385-тен 1313-ке) азайып, сотталғандар саны 6 пайызға (1579-дан 1486-ға) төмендеді. Өңірде өткен жылы қылмыстық істер бойынша ақталғандар саны 29 пайызға (35-тен 49-ға) көбейді. Сондай-ақ 262 қылмыстық іс (2015 жылы - 435) медиация қолдану арқылы мәреге жетті. 2016 жылы сондай-ақ 28047 азаматтық іс (2015 жылы - 28885, 3 пайызға аз) түсіп, 27093 іс (27317, 0,9 пайызға кем) аяқталды. Соның ішінде 16606 іске (17233, 3,7 пайызға кем) қатысты шешім шығарылды. Облыс бойынша барлық қаралып біткен азаматтық істердің басым бөлігі бұрынғысынша Орал қаласының №2 сотында - 17635 іс немесе 65 пайыз және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта - 2807 іс, 10 пайыз.  Бұл екі соттың жүктемесі облыс бойынша барлық азаматтық істердің 75 пайызын құрайды. «Өңірде сонымен қатар 14980 әкімшілік іс (16160, 7,3 пайызға аз) түсіп, соның 14669-ы (15983, 8,2 пайызға кем) қаралды. Мұндай сипаттағы істер санының көбі Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында - 7977, сол секілді Бөрлі аудандық сотында 1218, Зеленов ауданының №2 сотында 753, Жаңақалада 441 іс қаралған», -деді Б.Әметов.