21 Қаңтар, 2017

Сыртқы істер министрлігі Венгрия халқына көңіл айтты

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сыртқы істер министрлігі Италияда болған ірі жол апаты кезінде балалардың құрбан болуына байланысты Венгрия халқына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Венгрия халқына Верона қаласындағы жол апатында балалардың құрбан болуына байланысты шын ниетпен көңіл айтамыз және зардап шеккендердің жылдам сауығып кетулерін тілейміз», делінген көңіл айту хатынада. Айта кетейік, Италияда автобустың апатқа ұшырауына байланысты 16 адам құрбан болып, 26 адам ауруханаға жеткізілді. Жергілікті құқық қорғау органдары өкілдерінің мәліметінше, туристерге арналған автобус Франциядан Венгрияға келе жатқан. Онда барлығы 55 адам болған. Жолаушылардың дені мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар болатын. Қайғылы жағдай жұма күні түнде Верона қаласында болған. Құтқарушылардың айтуынша, автобус бағанаға соғылып артынан өрт шыққан.