21 Қаңтар, 2017

Таиландта «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған брифинг өтті

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық аясында Бангкокте «Қазақстан және «ЭКСПО-2017» тақырыбында брифинг өткізілді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі. Шараға Таиланд мемлекеттік органдарының, ұлттық компанияларының басшылары және 40-тан астам жетекші БАҚ өкілдері қатысты. Таиландтың энергетика министрі Анантапорн Канджанарат алғашқы сөзді алып, Таиланд павильонының тұжырымдамасымен таныстырды. Ол Таиланд үкіметінің 2017 жылдың ең маңызды шараларының біріне дайындық барысы туралы әңгімеледі. «Қазақстан таңдаған «Болашақтың энергиясы» тақырыбы барлық адамзаттың болашақ ұрпақ үшін өзекті мәселелерін көрсетеді. Сондықтан Таиланд биоэнергетиканы жаһандық дамытуға өз үлесін қосып, Астанада жаңартылатын энергия көздері саласындағы өз әзірлемелерін көрсетуге ниетті», – деп атап өтті ол. Қазақстан Республикасының елшісі Марат Есенбаев өз сөзінде «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысымен таныстырып, көрменің негізгі кезеңдері туралы баяндап, журналистер мен бизнес өкілдерін іс-шараға белсенді қатысуға шақырды. Сондай-ақ елші Таиландтың Коммерция министрлігінің, Инвестициялар палатасының өкілдерімен кездесу өткізді.