01 Сәуір, 2011

ТМД-ның 9 елінен 420 байқаушы қатысады

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов пен ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедевтің кездесуі болды. Кездесуде тараптар Қазақ­стан­да­ғы кезектен тыс президенттік сайлау науқанына байла­ныс­ты әңгімелесті. ОСК төрағасының атап өтуі­н­ше, ТМД-ның байқаушылар миссиясы Қазақстанда екі аптадан бері жұмыс істеп жатыр. Президенттік сайлау әділ және ашық өтуі тиіс. Екі айға жуық уақыттан бері сайлаушылар тізімі нақтыланып жатыр. Сондай-ақ ОСК облыстық сайлау комиссиясының төрағалары мен хатшыларының басын қосқан республикалық семинар-кеңес өткізді. Қазіргі кезде учаскелік сайлау комиссияларының мүше­лерін оқыту мәресіне жетті. Президенттікке кандидаттар сай­лауал­ды үгіт жұмыстарын жүр­гізу барысында БАҚ-тарда теңдей мүмкіндікті пайдалануда. «Лас» технологияларды пайдалану әрекеттері кездескен жоқ. Ал ТМД Атқарушы коми­те­тінің төрағасы Сергей Лебедевтің пікірінше, ТМД елдеріндегі сайлаулар демократиялық жағдайда өтіп келеді. Бұл жөнінен Қазақ­стан алдыңғы орында тұр. Кезектен тыс президенттік сайлау ашық және өз деңгейінде өтеті­ніне қазірдің өзінде көз жетіп отыр. Сондай-ақ, ол ТМД бай­қаушылары сайлау үдерістерін бақылауға белсене қатына­са­тынын атап өтті. Оның мәлім еткеніндей, президенттік сайлауға ТМД миссиясынан тоғыз мем­лекеттің 420 байқаушысы келіп отыр.