01 Сәуір, 2011

Науқан ашық және әділ жүрді

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының басшысы Нұрлан Нығматулиннің АҚШ байқаушыларымен кездесуі өтті. Сұхбат барысында бірқатар мәселелер, әсіресе, алдағы президенттік сайлау мәселесі талқыланды. Штаб мүшелері және «Қазақстан-2020» Жал­пы­­ұлттық демократиялық күш­тер коалициясы сайлауалды үгіт науқаны шеңберінде елдің барлық аймақтарына барып қайтты. Штаб басшысы Нұр­лан Нығматулин қазақ­стан­дық­тармен болған кездесулер елдің көпшілік азаматтары пре­зиденттікке кандидат Нұр­сұлтан Назарбаевты және оның жүргізіп отырған бағы­тын қолдайтындығын көрсетіп отыр деп атап өтті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев­тың сайлауалды штабының барлық үгіт науқаны ашық және әділ жүргізілгенін атап өтті. Нұрлан Нығматулин Қа­зақстанда сайлау қатаң заң­на­ма шеңберінде өтетіндігіне сенімін білдірді. «Егемен-ақпарат».