23 Қаңтар, 2017

Ана тілімізге айрықша назар

408 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы ы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде жаңа оқу жылында қазақ тілін оқытуға баса көңіл бөлініп отыр. Мәселен, Алматы қаласында орналасқан 7552 әскери бөлімінде қазақ тілін оқытуға арналған шара өтті. Оның барысында Алматы қаласында мемлекеттік тілді әр түрлі мекеме қызметкерлеріне оқыту, насихаттау, қызмет аясын кеңейту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар таныстырылды, жеке құрамға қазақ тілінен панорамалық сабақтар өткізілді, тіл мамандары арасында іс-тәжірибемен бөлісу семинары ұйымдастырылды. Аталған жиынға Ұлттық ұланның Алматы гарнизонында орналасқан әскери бөлім­дерінің тіл мамандарымен қатар, Алматы қаласының  Тілдер­ді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының жауапты қыз­меткері Нұрмұқа Шаймер­денов, «Ұлағат» халықаралық инновациялық білім беру ор­талығы мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы Анар Мыржықбаева, ұлттық аудиторияда қазақ тілінен дәріс беретін ұстаздар арасында өткен қалалық байқауда «Үздік қазақ тілінің мұғалімі» атанған, оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Замира Қасымжанова қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қазақ тілінің қоғамдық қарым-қа­тынастағы маңызы күн санап артып келеді. Қазақ­стан Респуб­ликасының Консти­туциясы, «Тілдер туралы» Қазақстан Респуб­ликасының Заңы талаптарына сай қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде барлық мемлекеттік мекемелердің, оқу-тәрбие орындарының жұмысында біркелкі қолданылады. Әлеумет­тік зерттеу нәтижелері де соңғы жылдары қазақ тіліне деген сұраныстың артып келе жатқанын аңғартады. Соған қарамастан, қоғамдық қарым-қатынастағы, мемлекеттік мекемелердегі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мәселесі күн тәртібінен түспек емес. Өз қарым-қабілетін танытып, лауазымды қызмет атқа­рудан үмітті кез келген жан өз мақсатына жету жолындағы алғашқы қадамын қазақ тілін толық меңгеріп алудан бастағаны абзал. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында мемлекеттік тілді оқыту, қызметте қолданылуын дамыту жұмыстары, түрлі насихаттық сипатта ұйым­дас­тырылатын іс-шаралар қар­қын ала түскендігін атап көрсету керек. Данара БАЙМАҒАНБЕТОВА, Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы тәрбие және әлеуметтік жұмыстар басқармасының мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі офицері  АЛМАТЫ