23 Қаңтар, 2017

Канаданың парламенттік делегациясымен кездесті

280 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
KZK_2190Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Канада Парламенті Қауым­дас­тық­тар палатасының сыртқы істер және халық­аралық даму комитетінің төрағасы Роберт Нолт бастаған парламенттік делегациямен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Н.Нығматулин атап өткендей, бұл сапар – Қазақстан Канада­ның маңызды әріптестерінің бірі екендігінің жарқын көрсеткіші. Биыл – Канаданың 150 жылдық мерей­тойы. Әріптестерін осы айту­лы датамен құттықтаған Мәжі­ліс Төрағасы Канада хал­қы­на игілік пен гүлдену және табыс тілеген ізгі сәлемін жол­дады. Биыл қос мемлекет арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толды. Н.Нығматулиннің пікірінше, Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Канада Премьер-министрі Джастин Трюдоның былтыр Қытайда өткен «G20» Саммитінде кездесуі екіжақты саяси үнқатысу үшін маңызды орын алып отыр. Тараптар уран, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ, білім беру мен туризм салаларына басымдық бере отырып, Қазақстан-Канада қа­рым-қатынасын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Мәжіліс Төрағасы Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қауіпсіз, әділ және өр­кендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі Қазақстанның тұжы­рым­дамалық көзқарасы» атты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне арна­ған Саяси үндеуіне айрықша назар аударды. Бұл – ядролық қару­­сыз әлемді жақындату, жаһан­­дық соғыс қатерін болдыр­мау, Ауғанстандағы бейбіт­ші­лік­ке ықпалдасу, Орталық Азия­да бейбітшіліктің өңірлік ай­мағын қалыптастыру, БҰҰ қам­қорлығымен Жаһандық лаң­кес­тікке қарсы коалиция құру, деді өзінің сөзінде Н.Нығматулин. Сондай-ақ, ол: «Біз Кана­да­мен үнемі пікір алмасу, түр­лі халықаралық құры­лым­­дарда күштерімізді үйлес­тіру, бастамалар мен позиция­лары­мызды өзара қолдау жолымен халықаралық аренадағы іс-қимылымызды нығайтатын боламыз», – деді. Өз кезегінде мейман Қазақ­стан­ның қазіргі даму дең­ге­йін жоғары бағалай келіп: «Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде Қазақстан құқық үстем­дігі, плюрализм, мемлекет­тік қыз­метті реформалаумен қатар, көп­теген маңызды бағдар­ла­ма­­ларды жүзеге асырды. Біз әрқашанда Қазақстанды қол­даймыз», – деді. Тараптар парламентаралық байланысты тереңдету жайына да ерекше көңіл бөлді. Кездесу соңында Мәжіліс Төрағасы канадалық әріптесіне біздің елімізге ресми сапармен келу туралы шақыру жолдады.
Соңғы жаңалықтар

Әр адамның пікірі маңызды

Ата заң • Бүгін, 11:20