01 Сәуір, 2011

Жастар белсенділік танытуда

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұрнағы күні президенттіктен үміткер Н.­Ә.На­зар­­баевтың қалалық қоғамдық штабының ұйытқы болуы­мен осындағы оқушы-сту­дент жастар арасын­да түрлі мазмұндағы саяси шаралар өткізілді. Айталық, Ин­но­­ва­ция­лық заң және Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік  университеттерінде «­Өзің­­ді сайлаушы ретінде оят» деген тақырыппен жас­тардың флеш-моб жиыны өткізілді. Ал басқа да орта арнаулы және жоғары оқу орын­да­рын­дағы жиындар «Дауыс бер! Қысылма!», «Біз бол­ма­сақ, енді кім?», «Мен бірінші рет дауыс бергелі отыр­мын», «Менің бірінші дауы­сымды маңызды дауыс деп есептеймін» деген тақырып­тарда өтті. Сол жиындардың әрқай­сы­сына екі жүзден екі мыңға дейін оқушы-студенттер қа­тыс­ты. Солайша семейлік жас­тар кезекті биылғы сай­лауға бір кісідей зор белсенділікпен қатысамыз деп отыр. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Семей.