Астана процесіне қатысушылар келіссөз өткізуге дайындалуда. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сириялық реттеу бойынша кездесу (Астана процесі) Ресей мен Түркия Президенттерінің бастамасымен өтуде. Оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жан-жақты қолдау көрсеткен болатын. Бұл ретте Қазақстан Республикасының сирияаралық келіссөздер үшін тек қана алаң ұсынатындығын, келіссөздер процесіне араласпайтындығын түбегейлі түсіну аса маңызды», - деді ол.
Василенконың сөзіне қарағанда, Астана процесіне Сирия Үкіметінің, қарулы сириялық оппозициясының, Ресей, Түркия және Иранның өкілдері қатысады.
«Сонымен қатар, БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнаулы елшісі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі де қатысатын болады. Барлық делегациялардың басшылары Астанаға қазіргі уақытта келді және келіссөздерді бастауға дайындалуда. Келіссөздер Астана уақытымен сағат 13.00-де «Риксос» қонақ үйі залдарының бірінде басталады және 24 қаңтар күнінің соңына дейін аяқталуы тиіс», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады
Елорда • Кеше
Ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды?
Ауа райы • Кеше
Қазақстандағы жаңа үйлердің орташа құны қанша?
Қоғам • Кеше
«Amanat» партиясы Кәсіпкерлер қанатын құрды
Бизнес • Кеше
Интернетсіз де ұшады: Болашақ офицерлер дронның көмегімен барлау жасайды
Технология • Кеше
Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады
Алматы • Кеше
Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Кеше