23 Қаңтар, 2017

Мұнай бағасы аптаны жайлы бастады

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Лондон биржасында Астана уақытымен таңғы сағат 11:00-де Brent маркалы мұнайы барреліне 55,46 долларға көтерілді. Өткен апта, 20 қаңтар күні Астана уақытымен түскі 13:00-ден кешкі 21:00-ге дейін қара алтынның Брент маркасы 54,45 доллардан 55,40 долларға дейін көтерілген еді. Ал бүгін мұнайдың WTI маркасының бағасы барреліне 53,16 долларға жетті. Өз кезегінде теңгенің доллардың орташа бағамы 331,66-ны құрады. KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 331,30 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 332,00 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 331,30 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 44 млн 050 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 103. Ақша айырбастау орындарында 23 қаңтардағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11:00) Алматыда 331,8 теңгені құраған. Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.