Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнаулы елшісі Стаффан де Мистурамен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында тараптар Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі алдағы келіссөздер мәселесін талқылады. Мемлекет басшысы Астананың келіссөздер өткізуге дайын екенін айтып, барлық қатысушылар үшін жағдай жасалғанын атап өтті.
«Мен Ресей, Түркия және Иран Президенттерінің Астанада келіссөздер өткізу жөніндегі ұсынысын қабыл алдым. Біз кездесудің жемісті өткенін қалаймыз. Қазақстан кездесуге қатысатын тараптардың бәрімен тең әрі сенімді қарым-қатынаста болғандықтан, келіссөздер қалыпты өту үшін барлық жағдай жасалады деп ойлаймын», - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Сирия мәселесі бүгінде Таяу Шығысты ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырғанын атап өтті. «Тараптар да болып жатқан оқиғаларға біз сияқты алаңдаушылықпен қарап отыр деп үміттенемін. Сарапшылардың айтуынша, қақтығыс басталғалы 300 мыңнан астам адам қаза тапқан. Осының бәрі бізді бұл мәселені бейбіт жолмен ғана шешуге үміттенуге жетелейді», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті БҰҰ-ның арнаулы елшісіне Астанадағы кездесу Женевадағы бейбіт келіссөздерге дайындық барысына елеулі ықпал ететінін айтты. Стаффан де Мистура Нұрсұлтан Назарбаевқа Астанада келіссөздер өткізуге мүмкіндік бергені үшін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериштің атынан алғыс білдірді.
«Сіздің еліңіз халықаралық аренадағы ең күрделі түйткілдерді реттеу ісінде зор тәжірибесін көрсетіп, үлгі болып келеді. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі Сирия қақтығысын шешудегі қосымша мүмкіндік болып саналады», - деді Стаффан де Мистура. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қарулы қақтығысты одан әрі реттеу шаралары жөнінде пікір алмасты.
• 23 Қаңтар, 2017
Назарбаев БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнаулы елшісімен кездесті

Ескі үйді паналаған ардагер жаңа баспана сұрайды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Трамп АҚШ-қа импортталатын барлық тауарға 10 пайыз баж салығын енгізді
Әлем • Бүгін, 12:15
Алматы облысының жастары «Халықтық Конституция үшін» жалпыұлттық коалициясын қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:05
Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиадада үздік жетілікке енді
Олимпиада • Бүгін, 11:55
Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медальдарымен марапатталды
Әскер • Бүгін, 11:45
Ата заң • Бүгін, 11:20
Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы бір жылға жарыстардан шеттетілді
Бокс • Бүгін, 11:18
Қысқы Олимпиада-2026: Бүгін ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады?
Олимпиада • Бүгін, 10:48
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:18
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Қоғам • Бүгін, 09:15
Адам капиталы – Конституция жобасының басымдығы
Реформа • Бүгін, 09:10
Жауапкершіліктің айқын көрінісі
Реформа • Бүгін, 09:07
Аймақтар • Бүгін, 09:05