24 Қаңтар, 2017

Халықтың қалтасын неге қағады?

502 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Заң белгілі бір елдің халқына қызмет етіп, алаңсыз өмір сүруі үшін жоғары тұрған органдардан бекітіліп шығарылады. Ол заңды бұлжытпай орындау – әрбір азамат пен азаматшаның борышы. Бірақ соңғы бірнеше жылда пайдаланылған электр қуаты мен байланыс құны тым қымбаттап кетті. Оны қымбаттататындардың қандай заңға арқа сүйейтіндері тағы беймәлім. Мәселен, Ақсеңгір ауылында 100 телефон нүктесі мен 750 отбасы бар десек, оны пайдаланғаны үшін төлем әр ай сайын 42 500-85 000 теңге, жылына 510 000-1 020 000 теңге болады екен. Ал аудан, облыс, мемлекет көлемінде ғарыштық сома шығатыны тағы анық. Үстеме теңге алу тәсілі банкке ақша салсаң да қолданылады. Ал банктен кредит алсаң, өсімнің көкесін көресің. Мен бір жылдық мерзіммен 500 000 теңге алып едім, айына 54 600 теңге төлеймін. Сонда бір жылда 655 200 теңге төлейді екенмін. Қалта қағар осындай мөлшерлеме тәсілдері әділ ме? Қоғам ісінің бәрі адам үшін жасалуы тиіс емес пе? Әрбір облыс әкімі, әр министр немесе қолында билігі барлар қалта қағарлық шешімдер шығара берсе, «заңда тармақ көп болса, параға қармақ көп болады» дегендей, жемқорлық түрі де көбейері аян. Бірақ мынаның іздегені өсек, ойлайтыны есеп екен демеңіздер! Бұл қалталыға күлкі болса да, қал­тасыздардың мүлкі болары хақ. «Ақиқат адамға жақ­па­ғанмен Аллаға жағады» дегендей, тиісті мекемелер мен ұйымдар, билік орындары адам мен оның болашағы үшін қызмет етсе екен деген тілек, ұсынысым бар. Өкей ҮРІМХАНҰЛЫ Алматы облысы, Жамбыл ауданы