Ерінбегеннің еңбегі жанатынын уақыт дәлелдеп отыр. Көксу ауданындағы Теректі елді мекенінде өндірістік қуаты жылына 25 мың тонна майбұршақты өңдеуден өткізуге мүмкіндік беретін «Экстра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс істейді. Жұмысын бастағанына жыл толмаса да мұндағы нәтиже бірден көзге түседі.
Серіктестік бүгінгі уақыт талабымен шетелдік құрал-жабдықтармен қамтылса, мамандар оны іскерлікпен меңгергенін көресің. Негізінен жұмыс толық автоматтандырылған, оны бақылау мен өнім сапасына деген ынталылық басым. Кәсіпорында 50 адам үш ауысымда жұмыс істесе, оларға арнайы жасалған тамақтанатын, жуынатын орын, демалыс бөлмесі жан-жақты жабдықталып, қызмет етуде. Айлықтары жақсы.
Кәсіпорында күніне 50 тонна өнім шығарылады. Өнімнің тазалығы мен сапасын, ылғалдылығын тексеретін арнайы зертхана жұмыс істейді. Қапталған өнім бірден тұтынушыға жөнелтіледі. Зауытта толық экспандерленген майбұршақ өңдеуден өткеннен кейін майдың сапасы толық сақталатынын айтқан жөн.
Майбұршақтың құрамында протейн мол әрі ақуызға бай. Өнім – негізінен жануарларға қажетті азық. Жемдегі май қышқылы мал мен құстың зат алмасуын жеделдетеді, ет алуына мүмкіндік береді.
Зауыт өніміне деген тұтынушы сұранысы жоғары. Қазір олар Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысына өз өнімдерін жөнелтуде. Ағымдағы жылы ұжым 14 мың тоннаға дейін өнім шығарып, өзге өңірлерге де тауарларын саудаламақшы.
– Қазіргі кезде өз кәсібін ашқандарға барлық жағдай жасалуда. Зауытқа қажетті екі гектар жер телімі бөлініп, бастама қолдау тапқаны қуантады. Ұжым тәуелсіздігіміздің мерейін өздерінің жақсы жұмыстарымен қарсы алу үшін еңбек етуде,– дейді зауыт басшысы Ербол Тоқтағұлов.
Күмісжан БАЙЖАН.
Алматы облысы.

Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Білім • Бүгін, 15:58
Михаил Шайдоров: Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін
Спорт • Бүгін, 15:45
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Үкімет • Бүгін, 15:42
Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:23
Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жамбылдық полицейлер құстарға ұя салып берді
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11