01 Сәуір, 2011

Миссия қызметіне кірісті

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс президенттік сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ-ның қысқа мерзімді бай­қаушылары миссиясының арнайы үйлестірушісі, ЕҚЫҰ Пар­ламенттік Ассамблеясы байқаушылар делегациясының басшысы Тонино Пицуланы қабылдады, деп хабарлады Сенат­тың баспасөз қызметі. ЕҚЫҰ ПА байқаушылар де­ле­гациясын қабылдай отырып, Төраға халықаралық қоғам­дас­тық тарапынан президенттік сай­лауға ерекше ықылас байқалып отырғанын атап өтті. Сайлау мониторингіне тек ЕҚЫҰ ПА та­ра­пынан 80-нен астам байқаушы­лар қатысады. Оқиғаның Қазақстан та­ри­хын­­дағы маңыздылығын атап өте келіп, Қ.Тоқаев: «Бұл сайлау нау­қа­ны ашық әрі толерантты жағ­дайда өтеді және халықаралық негізгі ережелер мен қағидаларға сәйкес келеді», деп мәлімдеді. «Президенттікке төрт үміт­кер­дің бәрі өздерінің сайлауалды науқанын шынайы көрсетіп жат­қан бұқаралық ақпарат құрал­да­рына бірдей қол жеткізе алды», – деді Төраға және ол «қазақ­стан­дық билік сайлау кезеңі мөлдір және ашық өту үшін барлық мүм­кіндікті жасауға күш салуда», деп атап өтті. Қ.Тоқаев алдағы президенттік сайлау ашық және әділ өтетініне сенім білдірді. Т.Пицула миссия президенттік сайлау мониторингін жүргізу­дегі жауапкершілігін толық ұғы­натынын және қазіргі кезде жұ­мысқа кіріскенін атап өтті.