01 Сәуір, 2011

Қытай елшісімен кездесті

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Ақордада Прези­денттің көмек­шісі – Қауіп­сіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин Қы­тай Халық Респуб­ли­касы­ның Қазақ­стан­дағы Төтен­ше және өкілетті елшісі Чжоу Лимен кездесу өткізді. Тараптар саяси, сауда-эконо­микалық, гуманитарлық салаларда, сондай-ақ өңірлік қауіпсіз­дік­ті қамтамасыз ету мәселелері бой­ынша белсенді үнқатысу үде­рістерін ұстану ниеттерінде екенін білдірді. Келіссөз барысында сәуір ай­ында Астана қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қауіпсіздік кеңестері хатшыларының отырысын өт­кізу­ге байланысты мәселелер тал­қыланды. «Егемен-ақпарат».