Кеше Астанадағы ҚКХП-ның қалалық комитеті орналасқан Бейбітшілік көшесінің бойында кезектен тыс президенттік сайлау қарсаңында коммунистік сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шараға Коммунистік халықтық партияға мүше азаматтар ұйытқы болды.
Қолына күрек ұстап, қаланы күл-қоқыс пен қардан тазарту үшін сенбілікке шыққан азаматтардың бірі – Ғабдолла Зарипов. Еңбек өтілі 58 жылды иектеген қария Коммунистік партия қатарына 50-ші жылдары қосылған екен. Жасы 86-ны еңсерсе де, қарттың жүрісі ширақ, қимылы епті көрінді. «Біздің сенбілікті ұйымдастырудағы мақсатымыз – өзге партияларға үлгі көрсету. Олардың да осындай игі шараларды атқаруына мұрындық болу. Бүгін біз бір кісідей жұмылып, осы сенбілікке қатысуға келдік. Сол арқылы қаланың тазалығына, көрікті болуына үлес қоспақ ниеттеміз», – деді ардагер коммунист. Сондай-ақ, ол бүгінде Коммунистік халықтық партия көтерген бастамаларға халықтың көп бөлігі қолдау көрсетіп отырғанын, бұл халықшылдар үшін өте маңызды рөл атқаратынын айтып өтті. «Біздің бағдарламаларымыз – ел тұрғындарын жұмыспен қамтуға, қарттардың зейнетақыларын көтеруге, бір сөзбен айтқанда, халықтың әлеуметтік әлеуетін жақсартуға бағытталуымен құнды», – деді Ғ.Зарипов.
Аталған шараның басы-қасында жүрген жандардың айтуынша, бұл бастама сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күндеріне орайластырылып отыр екен. «Бүгінгі сенбілікке 35 адам жиналды. Олардың арасында біздің ардагерлер, партияның қалалық комитетінің мүшелері және сайлауалды науқанына қолұшын беріп жүрген жастар да бар. Бұдан кейін Желтоқсан көшесі мен Жеңіс және Республика даңғылдарына да барып, сол жерлерде де сенбілік өткізбекпіз. Сенбілік – біздің партия атынан сайлауға түсіп отырған Жамбыл Ахметбековтің алдағы саяси науқанға қатысты сайлауалды науқанының соңғы шараларының бірі. ҚКХП-ның орталық штабы да бізге осындай сенбілік өткізу жөнінде ұсыныс айтқан болатын», – деді ҚКХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Ұмсындық Байзақова.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.
Астана.
---------------------------
Суретте: халықшыл коммунистер сенбілікте.

Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Білім • Бүгін, 15:58
Михаил Шайдоров: Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін
Спорт • Бүгін, 15:45
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Үкімет • Бүгін, 15:42
Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:23
Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жамбылдық полицейлер құстарға ұя салып берді
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11