Кеше президенттіктен үміткер, Қазақстанның Патриоттар партиясының серкесі Ғани Қасымов «BNews.kz» ақпарат агенттігінің студиясында интернет желісінде бейне-конференция өткізді.
Алдымен Ғани Есенкелдіұлы өзінің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, сайлаушылармен кездесулерінде көпшілік тарапынан айтылған тілектерге де тоқталып өтті. Содан кейін сауалдарға жауап берген үміткер осыған дейінгі президенттік сайлауға түскенде, жастау болсам, қазір есейдім, бұрын «Жалғыз шапқанның дүбірі шықпас» дегендей, жалғыз едім, ал енді осы сайлауда мені қолдаған партияластарым болды. Бұл, әрине, біздің партиямыз үшін өте маңызды. Алда парламенттік сайлаулар өткенде де партияға осы жинаған тәжірибе көмегін тигізетін болады, деді.
– Осы жолғы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарынан үміткерлердің бірінің бас тартуы дұрыс болмады. Осындай жағдайда қалған үшеуміз де теледидардан берілетін пікірталастан бас тартуымызға тура келді. Сайлауға төрт үміткер түскендіктен, үшеуміздің ғана барып журналистердің қойған сауалдарына жауап беруіміз орынсыз көрінетін болды, ал негізінде қай кандидатты да барлық көрермендердің тыңдауы, ой түюі қалыпты көрінер еді. Келесі жолғы сайлауда заңнамалық тұрғыда осыны бекіту қажет. Теледидардан пікірталастар міндетті түрде өткізілуі тиіс деп санаймын, – деді Ғ.Қасымов.
Содан кейін өзінің кездесулер өткізгенде халықтың көңіл күйіне қатты көңіл бөлгенін айтты. Бір байқағаным, ешқашан орындалмайтын уәде беруге болмайды, ол бумеранг ретінде бетіңе қайтып соғуы мүмкін, деген Ғани Есенкелдіұлы алдын ала bnews.kz порталында үміткермен онлайн конференция болады дегенге хабарланып, сұрақтарын жолдаған интернет пайдаланушылардың қойған сауалдарын да жауапсыз тастаған жоқ. Олар да түрлі тақырыптарға бағытталған екен. Бірі – аграрлық секторды реформалау қандай бағытпен жүргізілуі тиіс? – десе, екіншісі – «Бай құдай болсам дейді» дегендей, Қазақстан олигархтары құдай бола ма әлде олардың мүйіздерін қайырудың амалы бар ма, егер президент болсаңыз осылармен қалай күресер едіңіз? – деп сұрайды.
Барлық сауалдарға жауап берген президенттіктен үміткер ертеңгі сайлауда елін сүйетін патриоттарға елдің сеніп дауыс беретініне өзінің сенетіндігін білдірді.
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.
Астана.

Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Білім • Бүгін, 15:58
Михаил Шайдоров: Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін
Спорт • Бүгін, 15:45
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Үкімет • Бүгін, 15:42
Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:23
Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жамбылдық полицейлер құстарға ұя салып берді
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11