01 Сәуір, 2011

Дұрыс таңдау адастырмайды

396 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Облыс орталығында “Нұр Отан” халықтық-демокра­тия­лық партиясы бастамасымен құрылған “Қазақстан-2020” Жал­пыұлттық демократиялық күштер коалициясының мү­ше­лері мен президенттіктен үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау жөніндегі республикалық штаб өкілдері Кереку өңірі – өндірісті өңірдің жұртшылық өкілдерімен кездесулер өткізді. Облысқа келген коалиция мүше­ле­рінің құрамында саяси партия жетекшілері, елі­міз­дің танымал қоғам қай­раткерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері болды. «Қа­зақ­стан-2020» Жал­пыұлттық демократиялық күш­тер коа­лициясына қоғамдық және сая­си күштер, мәдениет пен білім беру салаларындағы беделді де белгілі тұлғалар мү­ше екені белгілі. Бүгінде демократиялық күштер коа­ли­циясы бас біріктіре оты­рып, елімізде жүзеге асы­ры­лып жатқан саяси үдеріс­тер­ге, әлеуметтік және экономи­калық жетістіктерге қолдау көрсетіп келеді. Облыс ор­талығындағы «Астана» деп аталатын спорттық кешен ғимаратында өткен кездесуде республикалық қоғамдық штабтың төрағасы, “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин сөз сөйледі. «Ал­дағы сайлауға жұды­рық­тай жұмылып қатысу, оны абыроймен өткізу – әрбір қазақстандықтың міндеті, – деп атап өтті ол. – Ал Павлодар облысы болса, еліміздегі негізгі индустриялық облыс­тар­дың бірінен саналады. Пре­зиденттікке кандидат Нұр­­­сұл­тан Назарбаев өн­дірісті об­лыс­қа ерекше назар аударып келеді. Сондықтан, өңір халқы алдағы сайлауда Нұр­сұлтан Әбішұлына бір кісідей қолдап дауыс береді деп сенеміз». Ал топ мүшелерінің құ­рамындағы “Әділет” демо­кра­тиялық партиясының төр­ағасы М.Нәрікбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Тілеухан, Парламент Сена­тының депутаты Қуаныш Сұлтанов, Оралбай Әбді­кәрі­мов, Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығы төр­аға­сының орынбасары Ба­қыт­бек Смағұл да өз сөз­дерінде алғашқы пікірді те­реңдете түсті. Атап айтқан­да, бұл сайлаудың еліміздің болашағы үшін маңызды еке­ні, сан ғасырлар Қазақ елінің басынан қилы уа­қыттар өт­кені, бүгінде жақ­сы күндерге қол жеткізіп отыр­ғанымыз көл­денең тар­тыл­ды. Айна­ла­мыз­да бо­лып жатқан түрлі оқи­ға­лар­дың елімізден аулақ­та екені, біз­дің тыныштықты қалай­ты­нымыз атап көрсе­тілді. Топ мүшелерінің ай­туынша, олар тоқтаған ортақ бір пікір бар, ол мынау: мем­лекеттің тағ­ды­ры шешілер сын кезеңде тұрмыз, мұны әрбір сай­лаушы ұғып, таңдау жасауда қателікке жол бермеуі керек. Түстен кейін “Қазақ­стан-2020” Жал­пыұлттық де­­мократиялық күштер коа­ли­циясының мүшелері топ-топқа бөлініп, облыс орта­лығындағы Қазақстан элек­тролиз зауытында, Ақсу қаласындағы Еуразиялық энергетикалық корпорацияда жұмыс­шы­­лармен кездесулер өткіз­ді. Сонымен қатар, топ мү­ше­лері облыс орталығын­дағы Естай ақын атындағы мәдениет сарайында зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Жалпы, кездесулерге қа­тысқан 10 мыңдай адам еліміздегі кезектен тыс президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатура­сын бірауыз­дан қолдайтын­дықтарын білдірді. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар.