01 Сәуір, 2011

Ұйым миссиясының жетекшісімен кездесті

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауын бақылау жөніндегі ШЫҰ миссиясының жетекшісі, ШЫҰ Бас хатшысы Мұратбек Иманалиевпен кездесті. Кездесуде  президенттік сайлауды әзірлеу мен өткізу жөнінде әңгіме болды. – Сайлау науқаны заңда көз­дел­ген тәртіп бойынша кезең-кезеңімен өтіп келеді, – деді ОСК басшысы Қ.Тұрғанқұлов. – Кандидаттар да өздерінің сайлауалды үгіт жұмыстарын «лас» техноло­гия­ларды қолданбай, қарқынды жүргізуде. Бүгінде сайлау комис­сиялары дауыс беру күніне жан-жақты әзірленіп жатыр. Біз бар­лық сайлау рәсімдерінің заңмен белгіленген тәртіпте өткізілуін көздейміз. Ал ШЫҰ миссиясының жетекшісі Мұратбек Иманалиев ШЫҰ-ның белсенді мүшесі болып табылатын және биылғы жылы ұйымға төрағалық етіп отырған Қазақстан Респуб­лика­сындағы президенттік сайлауды байқауға ШЫҰ миссиясы белсенді қатысатынын атап өтті. Соны­мен қатар, ол сайлауды әзірлеу барысына, БАҚ-тардың сайлау науқанындағы жұ­мысына жоғары баға берді. – Сайлауға дайындық өте байсалды және мұқият жүргізіліп жатқанына  көзіміз жетіп отыр, – деді М.Иманалиев осы жайында. – ШЫҰ миссиясы өз кезегінде сайлауды байқауды қазақстандық заңнамалар аясында, сондай-ақ халықаралық өлшемдер негізінде жүргізетін болады. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.