26 Қаңтар, 2017

Мексика президенті Трамптың "ұлы қорған" құрылысы туралы пікір білдірді

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мексика президенті Энрике Пенья Ньето АҚШ-пен Мексика арасындағы "Трамп қорғанының" құрылысына ел үкіметінің қаржы бөлмейтінін айтты, деп жазады РИА Новости. "Мексика бұл қорғанның құрылысын қаржыландырмайды", - деді Пенья Ньето. Сонымен қатар, мексикалық саясаткерлер мен шенеуніктер ел президентінің қаңтар соңына жоспарланған Вашингтон сапарын күн тәртібінен алып тастауды талап етті. Естеріңізге сала кетейік, кеше АҚШ президенті екі ел арасында қорған салу туралы құжатқа қол қойып, оның шығынын Мексика үкіметі көтеретінін айтқан болатын.