26 Қаңтар, 2017

KAZ Minerals акциялары рекордтық деңгейге дейін қымбаттады

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанның (KASE) және Лондонның (LSE) қор биржаларында KAZMinerals-тың құнды қағаздары соңғы үш жылдағы ең жоғары деңгейге дейін қымбаттады, деп хабарлайды LS. 25 қаңтардағы сауда қорытындысы бойынша эмитенттің LSE-дегі құнды қағаздарының құны 2,12%-ға өсіп, 449 пенсты құрап отыр. Ал құнды қағаздың KASE-дегі бағасы 5,1%-ға өсті. Котировкалар 1824 теңгеден асып жығылды.