02 Сәуір, 2011

Тықыр таянғанда, тығылу амал ма?

405 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Англияның күнделікті шығатын «Guardian» газе­ті­нің хабарына қарағанда, Муаммар Каддафидің сенімді өкілі осы елдің билігімен келіссөз жүргізуге келіпті. Ол дағдарыстан шығудың «стратегиясын талқылауды» ұсын­ған көрінеді. Бұл Триполидің коалиция авиасоққылары басталғаннан бергі бейбіт келісімге ұмтылған алғашқы қадамы емес. Мұның алдында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Х.Клинтон да Каддафидің адамдары өздерімен келісім жасауға тырыс­қандары туралы жариялаған еді. Осының алдында Ұлыбри­танияға Ливияның сыртқы істер министрі Муса Куса ұшып келіп, Каддафидің саясатынан бас тартатынын мәлімдеп, саяси баспана сұраған еді. ЖҰМСАРТСА ДА ЖҰЛҚЫНУЛАРЫН ҚОЙМАЙДЫ Белоруссиядағы президенттік сайлау өткелі үш айдан бері басылмай келе жат­қан даудың дауасын табуға қадам жасалды. Билік сайлау кезінде елді ереуілге шығуға үгіттегендердің әрекетін енді қоғамдық тәртіпті дө­ре­кілікпен бұзу деген баппен айып­тайтынын жариялады. Бұл баппен оларға қолданылатын жазаның ең ауыры алты айға дейін бас бостандығынан айыру, әйтпесе, айып­пұлмен құтылту. Ал айыптаудың бұрынғы бабы «жаппай тәртіп­сіз­дікке жол беру» болатын. Бұл баппен тәр­тіпсіздікті ұйым­дастырушылар 15 жылға дейін сотталуы мүмкін еді. Бірақ оппозиция биліктің бұл қадамына да ден қойып отырған жоқ, олар өздерін толығымен ақтауды талап етуде. ЕРЕУІЛГЕ ТЫЙЫМ САЛУҒА ҚАРСЫЛЫҚ Мәскеу мен Санкт-Петербургте Ресей консти­туция­сы­ның қарсылық митингілерін өткізуге тыйым сала­тын 31-бабына қарсы «Стратегия-31» атты шерулер жал­ғасып келеді. Оған Мәскеуге қарағанда елдің солтүс­тік астана­сын­да қатысқандар бірнеше есе артық болды. Елдің астанасында екі жерде болған митингтің бірін жазушы Э.Лимонов, екіншісін мәскеулік Хельсинки тобы­ның басшысы Л.Алексеева ұйымдастырды. Ереуілшілер басшыла­рының бәрін де полиция уақытша тұтқынға алды. Ресейде 1 наурыздан бастап күшіне енген «Полиция ту­ралы» заңның талабы бойынша ұстар алдында полиция қызметкері өзін таныстырып, сосын тұтқындалушының құқын айтып беруі керек-тін. Бірақ уақытша тұтқындау кезінде оның бірі де болмаған. АЙЛЫҒЫ ЖАҚСЫ БОЛСА, АТОМ ДА ҚАУІПСІЗ АҚШ-та Жапониядағы «Фукусима-1» АЭС-і жарылысының зардап­та­рын жоюға көмек беру үшін мамандар тобын жасақтау жүргізіліп жа­тыр. Олардан бұрын атом өнер­кәсібінде істеп, тәжірибе алғандығы, сонымен бірге, жақын туыстарының келісімі талап етіледі. Алдағы жексенбіде АҚШ-та жасақталған 10 адамнан тұратын алғашқы топ Жапонияға аттанбақшы. Адамдарды радиоактивті қатері бар жерге баруға ынталандырып отырған, әрине, ақша. Алдын-ала айтылған мәлімет бо­йынша, оларға төленетін жалақы осы салада қалыпты жағдайда қызмет істейтіндерге қарағанда еселеп артты­рылатын көрінеді. ЖАРЫЛЫСТАРДЫ ЖАҚЫНДАРЫ ДА ЖАСАЙДЫ Грузияның арнаулы қызметі Кутаиси қаласының мэрия­сы мен әділет үйінде жарылыс жасамақ болған үш кү­діктіні ұстады. Олардың көрсетуінше, жа­рылысқа тап­сырыс беріп, ұйымдастырған Ресейдің Федералдық қауіп­сіздік қызметінің (ФҚҚ) офицері Алексей Ушаков екен. Бұл Ресей тарапынан ұйымдастырылып отырған бірінші лаңкестік емес. Мұнда 2010 жылдың күзінде де Ресей ФҚҚ қатысқан жарылыстар болған. Оны ұйымдастырған майор Е.Борисов екені анықталып, Грузия Интерпол тарапынан оған іздеу салуға қол жеткізген. Сонымен бірге, Грузия жағы аджар шенеунігі Д.Кордадзенің өліміне де ФҚҚ-ның қатысты екенін айтып отыр. БІР-БІРІН АЙЫПТАУДАН ТАНБАЙ ТҰР Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кучманың үстінен журналист Георгий Гонгадзенің өліміне қатысы бар деген күдікпен қылмысты іс қоз­ғалған еді. Оған негіз болған экс-прези­денттің бұрынғы сақшысы Н.Мельни­­ченконың бейнетас­пасы болатын. В.Ющенконың кезінде біршама сая­быр­сыған сол іс қазір қайтадан бас көтеріп, осы күндері Л.Кучма да, Н.Мельниченко да Украина бас прокурату­расына жиі келетін болып жүр. Л.Кучма өзіне тағылған айыпты толығымен жоққа шығарады, ал Н.Мельниченко да оны айыптауынан танар емес. Жуырда ол Л.Кучма қазіргі президент В.Януковичтен істі қысқартуды талап етіп, бопсалады деген мәлімдеме таратты.   ҚЫСҚА ҚАЙЫРЫП АЙТҚАНДА: Жуырда, Киевте Ливиядағы жағдайды саралаған Ресей мен Украина сарапшыларының жиыны болды. Онда Ливиядағы соғыс энергия ресурстарын қайта бөлмекке ұмтылып жатқан алпа­уыттардың әлегі деп бағаланды. АҚШ-тың Куиннипиак университеті сауалдама жүргізіп, оның қорытындысы бойынша Б.Обаманы қолдайтындар үлесі 42 пайызға дейін түсіп кеткенін анықтады. Бұл нәтиже Американың Ливия соғысына араласқанынан кейін болып отыр. Кот Д’Ивуарда президенттік сайлауда жеңсе де, таққа қол жеткізе алмай отырған А.Уаттараның жақтастары Л.Гбагбоның гвардиясымен қатты шайқасуда. Кеше олар мемлекеттік телевизияны басып алды. Қытай ғылым жетістіктері жағынан қазір әлемде екінші орынға шықты. Тіпті АҚШ-тағы көптеген инновациялар мен жаңа технологиялар Қытай ғалымдарының қолдарымен іске аса бастағаны мойындалып отыр. Әзірбайжан тарапының Степанакертке өткен ұшақтар атып түсіріледі дегеніне қарамастан, Армения президенті С.Саргсян Таулы Қарабақтағы жаңа әуежайға бірінші жолаушы болып баратынын жариялады. Интернет материалдары негізінде әзірленді.