Футбол. Бейсенбі күні Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында өнер көрсететін 12 команда кезекті ойындарын өткізді. Осы турдағы ең басты кездесу Астанада «Локомотив» пен «Ақтөбе» ұжымдарының арасында өтті.
Бұл ойында өткен жылғы ел суперкубогының иегері соңғы жылдардағы еліміздің бетке ұстар командасын 1:0 есебімен ұтты. Матчта астаналықтар сапында жалғыз доптың авторы осымен төрт ойында екі доп соққан Таңат Нөсербаев атанды. Биылғы маусымда құрамына кілең мықты футболшыларды жинаған «теміржолшылар» осы кездесуден кейін чемпиондық атақ үшін таласатын басты команда екендерін көрсеткен сияқты. Ал былтырғы ел чемпионы Қостанайдың «Тобыл» клубы өз алаңында Қарағандының «Шахтер» командасынан 2:1 есебімен ұтылып қалды. Осы ойында жеңілсе де «Тобыл» чемпиондық атаққа үміткерлердің бірі болып қала бермек. Басқа ойындар мынадай есеппен аяқталды. Шымкентте «Ордабасы» «Тараз» командасынан 1:0 есебімен жеңілсе, Павлодардың «Ертіс» клубы керісінше, өз алаңында Өскеменнің «Восток» ұжымын 3:1 есебімен жеңді. Сол сияқты Талдықорғанның «Жетісу» командасы қызылордалық «Қайсар» ұжымынан 3:0 есебімен басым түсті. Осы турда жалғыз тең есеппен тарқасқан ойын «Атырау» мен «Қайрат» арасында тіркелді. Есеп – 1:1.
Тақырыпқа тұздық: Қазақстан чемпионатының ойындары өтіп жатқан кезде халықаралық You Tube сервисінде «Тобыл.ТВ» арнасы іске қосылды. Қазақ футболының тарихында осылайша алғаш рет қостанайлық команда ойындарын бейнетүсірілім арқылы көрсететін арнайы аккаунт ашты. Мұндай интернет арналар қазір Батыс Еуропаның біраз командаларында бар. Сонымен бірге олардың жеке телеарналары да жұмыс істейтіні белгілі. Мәселен, Киевтің «Динамо», Англияның «Манчестер юнайтед» тағы басқа клубтарының телеарналары тәулік бойы команданың жаңалықтарын жанкүйерлермен таныстырып отырады. Енді алдағы кезде біздің елімізде де осындай интернетарна ашылса деген тілегіміз бар. Ал бізге жалғыз спорт телеарнасын ашу қолымыздан келмей жатқанда футбол телеарналарын ашу туралы сөз қозғау әлі ерте сияқты.
* * *
Теннис. Қазақ теннисшісі Зарина Диас Қытайда өтіп жатқан ITF Wenshan турнирінде жартылай финалға шықты.
Кеше ол біздің тағы бір теннисшіміз Галина Воскобоеваның алғашқы айналымда жолын ораған жапон Кумико Ильзимоны 6:0, 6:0 есебімен ұтты. Зарина жапон қызымен өткен аптада Қытайда аяқталған ITF Kunming турнирінде де кездесіп, оны 6:3, 6:4 есебімен жеңген болатын. Осы жарыста ол финалға жеткені белгілі. Енді бүгін Зарина хорват теннисшісі Ани Миржацикамен кездеседі.
Зарина Диас Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен үш жылдан бері Чехияда жаттығуда. Екі жылдан бері 17 жасар қызымыз жасөспірімдер қатарынан ересектер ауылына ауысты. Сол кезден бастап тәжірибе жинақтап үлгерген Зарина WTA рейтингі бойынша Сесиль Каратанчева мен Галина Воскобоева сияқты отандастарымыздан озып, Ярослава Шведовадан кейінгі еліміздің қыздар арасындағы екінші ракеткасы атағына ие болды. Қазір Зарина рейтингте 153 орында тұр.
Муайтай. 3 сәуір күні Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде кәсіпқойлар арасында Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы мен Тайланд королінің кубогына іріктеу жарыстары өтеді.
Бес салмақ бойынша өтетін сынға Қазақстан тарапынан Ілияс Мусин (51 кг.), Жәнібек Сәдуақасов (54 кг.), Серік Құрмаханов (67 кг.) рейтингтік жекпе-жектерге шықса, 86 кг. салмақтағы Нұрболат Сеңгіров иран Разани Маджидимен Азия чемпионы үшін таласады. Ал 72 кг. салмақтағы Алмас Смағұлов (Қазақстан), Алан Чапмен (Ирландия), Эрвин Ротакер (Германия), Саймон Джаджин (Тайланд) Тайланд королі кубогы үшін іріктеу жарысына қатысады.
Дастан КЕНЖАЛИН.

Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Білім • Бүгін, 15:58
Михаил Шайдоров: Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін
Спорт • Бүгін, 15:45
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Үкімет • Бүгін, 15:42
Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:23
Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жамбылдық полицейлер құстарға ұя салып берді
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11