31 Қаңтар, 2017

АҚШ бас прокуроры Трампты сынағаннан кейін жұмыстан босатылды

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Бас прокурорының міндетін атқарушы Салли Йейтс жұмыстан босатылды. Оның орнына Вирджиния штатының шығыс округы прокуроры Дана Бенте тағайындалды, деп жазады BBC Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсердің Туиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

Салли Йейтс 31 қаңтар күні әділет министрлігінің Дональд Трамп қаулысын қолдамайтынын айтқан еді. Оның айтуынша, Трамптың көші-қон саясаты заң шеңберінен шығып кеткен болуы да мүмкін.

Ақ үйден келген мәлімдемеде "Салли Йейтстің АҚШ азаматтарын қорғау мақсатында заң жүзінде қабылданған қаулыны орындаудан бас тартып, әділет министрлігін сатып кетті", - деп жазылған.

Естеріңізге сала кетейік, Трамп аталған қаулыны 27 қаңтарда қабылдаған. Құжатқа сай, сириялықтардың АҚШ-қа кіруіне уақытша тыйым салынған. Ал өзге алты мұсылман елдерінің азаматтары 90 күнге дейін құрама штаттарға кіре алмақ емес.