01 Ақпан, 2017

Қазақстанда кооперативтер құру бойынша түсіндіру жұмыстары басталды

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауындағы тапсырмаға сәйкес биылғы жылдың 1 ақпаны мен 18 ақпан аралығында еліміздің барлық аймақтарындағы ауыл тұрғындарына ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және кооперацияларды мемлекеттік қолдаудың жаңа механизмдері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі алдына ауыл азаматтарын ауыл шаруашылығы кооперацияларын кең ауқымда құруға ынталандыру және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуда 500 мың ЖҚШ әлеуетін пайдалану бойынша міндеттер қойып отыр. Аталған түсіндіру жұмыстарын жоғары деңгейде орындау үшін Министрлік тарапынан АШМ қызметкерлері мен ғылыми ұйымдар өкілдерінен құрылған сарапшылар тобы құрылды. Мұндағы басты міндет – әрбір ауыл азаматын ауыл шаруашылығы кооперациялары негіздері бойынша ақпараттандырып, нақты іске жұмылуына ынталандыру. Бұдан бөлек, жер жерлерде жүргізілетін сапарлы түсіндіру жұмыстары барысында бұған дейін құрылған кооперативтердің мониторингі жүргізіледі. Яғни, тиісті инфрақұрылымының барлығы мен қайта өңдеуші кәсіпорындармен өзара байланысы, өткізу нарығы мен өзге де мәселелері сарапталады.