01 Ақпан, 2017

Ақтөбе облысында 10 дәрігерлік амбулатория салынады

445 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ақтөбе облысында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 10 дәрігерлік амбулатория салынады, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» орталығы. Өңірде МЖӘ аясында инветстицияның  28 млрд теңгені   құрайтын болжамды көлемі бойынша 38 жобаны жоспарлау және оны жүзеге асыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.Оның ішіндегі 7 жоба бойынша 9,8 млрд.теңгеге келісім шарт жасалған. Сонымен қатар аталған жоба аясында мұз айдыны, жедел-жәрдем бекеті, офтальмологиялық емхана, балалар тіс емханасы, 2 спорт зал мен физика-математика мектебінің жалға алу бойынша ғимараттарының құрылысы жүзеге асырылуда. Сондай-ақ жалпы құны 9,8 млрд,теңге инвестицияға келісім шарт жасалды. Құны 4,0 млрд. теңге қаражатты құрайтын 2 жобаның конкурсы жарияланды. Олар «Батыс-2» және «Нұр – Ақтөбе» мөлтек аудандарындағы қалалық емхана. МЖӘ бойынша 5,1 млрд теңге инвестицияның 9 жобасының сараптамасы келісу сатысында.(Ақтөбе қаласы және аудандар бойынша 8 бала-бақша, Қарғалы ауданы Қосестек аулының мәдениет үйі) Инвестицияның 9,1 млрд теңге болжамды көлемін құрайтын 20 жобаның құжаттары әзірленуде. Өңірде МЖӘ аясында «Алихан» спорт комплексі, 1281 және 1300 ш.м аумақтағы «Олимпиядалық резерві», 220 орынға арналған физика-математка мектеп-интернаты, мүмкіндігі шектеулі және психикалық ауытқушылығы бар балаларға арналған 100 орындық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс жасауда. Өткен жылы аймақтағы орталықтың «Қазақстанның мемлекеттік- жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ өкілдерімен бірлесіп МЖӘ жобаларын іске асыру бойынша бірқатар оқыту семинарлары өткізілді.Семинарға облыстың мемлекеттік қызметшілері, бизнес-құрылым және екінші деңгейлі банк өкілдері қатысты. Республика бойынша Ақтөбе облысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту әрі осы  бағытта жұмыс жүргізу көрсеткіші бойынша екінші орында.