06 Сәуір, 2011

Жанкүйерлерді желіктірген бәйге

470 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халқымызда «Жақсы ат – желіктіреді, жаман ат зеріктіреді», деген тәмсіл бар. Оған әркезде болатын ат бәйгесінде көз жеткізіп жүрміз. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мен әз Наурыз мейрамы құрметіне Талдықорған қаласындағы өткен жарысқа алыс пен на­мысқа шабатын сәйгүліктер қаты­сып, мерей өсірді. Қаланың батысындағы атшабар алаңына жиналған халық алдында облыс әкімі Серік Үмбетов сөйлеп, тұ­ғыры биік Тәуелсіз­дігі­міз­дің өткен жылдарындағы қол жеткізген же­тістіктерге тоқталды. Шабандоздарға сәт­тілік тіледі. Еліміздің Әнұранының асқақ рухы әр көңілді көкке көтерді. Бұдан соң жарыс жолына жеті шақы­рым­дық қашықтыққа шабатын құнандар шықты. Айналым сайын бағы мен бабы жарасқан Жамбыл ауданының «Қарақұсы» алдына қара салмай, мәреге дара жетті. Осылайша құнанның құлағында ойнаған қара бала сәйгүлік иесіне қуаныш сыйлады. Жүлделі екінші орын қызылордалық «Ботакөз» атты жүйріктің еншісіне тисе, Жамбыл облы­сының тұлпары үшінші орынды місе тұтты. Шабандоздарға автокөлік кілттері тап­сырылып, мерейлері өсті. Жарыс жолына шыққан топ бәйгеге аты айтқандай, отыздан астам жүй­рік қа­тысты. Ауызды­ғы­мен алысып, қар­сыластарын қапы қалдырған Кербұлақ ауда­ны­н­ан келген Ақылбай Ақ­бер­линовтің «Бай­сұң­қары» иесіне «Жи­гулидің» кіл­­тін әперді. Кейінгі орын­дарды Жамбыл об­лы­сы мен Қарасай ау­данының жүйріктері бөлісті. Жалпы соңғы жылдары жорға жа­ры­сына қатысатын төрт түлік төре­лері­нің қатары өсу үстінде. Төрт ая­ғын тең басқан, су төгілмес жорғалар арасында Жамбыл ауданының «Бая­ны» бас жүл­деге, талғарлық «Лан­дыш» екінші, Сар­­қан ауданының жорғасы үшінші орынға көтеріліп, шабандоз бен ие­лері­нің абыройын асқақтатты. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.