105 жастағы ақтаулық ананың ақ батасы
Енді бір жылдан соң жарты ғасырлық мерейтойы аталып өтетін Ақтау – жастар қаласы дегенді жиі естуге болады. Шындығында солай. Шаһар өндірісті мекен. Жалындаған жастар қаланы алып құрылыстар алаңына айналдырып та отыр. Дегенмен, күні кеше өткен кезектен тыс президенттік сайлауда қаладағы ардагерлер мен қадірменді қарияларымыз белсенділіктерімен ел назарын өздеріне аударды. №140 сайлау учаскесінде 96 жастағы Раушан Иманбаева апамыз бірінші болып дауыс бергенін көріп, ол кісінің жүрісі ширақ, сөзі зерделі екендігіне риза болғанбыз. Сол сәтте қала әкімі Оспан Қазақбаев қаладағы ең қарт сайлаушы ананың бар екендігін және ол №42 сайлау учаскесіне өзі барып дауыс беретіндігін айтып қалған-ды. Анықтай келе ол 105 жастағы Нәзихан Бекежанова апайымыз болып шықты. Ертесіне ғасыр жасаған анамен және бала, келіндерімен кездесіп әңгімелесудің сәті түсті. Бізді ананың кенже баласы Отан мен келіні Жаңыл қарсы алды. Анасы бар адамдар қартаймайды демекші, алпысты алқымдаған кенже ұлы Отан жастау көрінді. Мұнай компаниясында жүргізуші болып жұмыс жасайды екен. Ол Исан, Данияр атты ағалары мен Асыл атты апайы туралы да әңгімелеп, өздерінен өрбіген 17 немере, 30 шөбере, 4 шөпшектің ғасыр жасаған ананың қуанышы мен қызығы екендігін айтты. Апайды бағып, қарап отырған немере бала-келіні Береке мен Гүлсім болып шықты. Осы кісінің жағдайы үшін мұғалімдікті де әзірге жартылай жасап жүрмін, – дейді Гүлсім қарындасымыз. Әңгімесіне қарағанда, Нәзихан апайымыз тұрмысқа ертелеу, яғни 14 жасында шығыпты. Ері Сейітмұхан балықшы болған. Ұлы Отан соғысы кезінде күн-түн демей теңізде айлап жүріп майдан үшін, Жеңіс үшін жұмыс жасапты. Әттең, өмірден ерте өтіпті. Төрт бала тәрбиесін Нәзихан апа атқарған. Күнкөріс қамымен балықшы да, құрылысшы да, шөпші де болыпты. Бірақ та осы жасқа дейін бірде-бір рет ауырып емделген кезін есіне түсіре алмады. Тағы бір кереметі, намаз оқуды 9-10 жасында бастапты. Әңгіме кеше өткен президенттік сайлауға ауысты. 105 жасында сайлау учаскесіне өзі барып азаматтық міндетін өтеген асыл ананы қажымас қайраты, пайымды парасаттылығымен елімізді береке-бірліктің алтын-ұясына айналдырған тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың теңдесі жоқ қызу қолдауына ие болып қайтадан ел Президенті болып сайланғанымен құттықтадық. Осы тұста немере келіні Гүлсім алдыңғы күні №42 сайлау учаскесіне дауыс бере барғандарындағы анаға деген халықтың қошеметі, А.Исаева бастаған учаскелік комиссия мүшелерінің құрметі мен аймаққа танымал кәсіпкер азамат Мереке Дүйсенбаевтың сый-сыяпат жасағанын ризашылықпен жеткізді. Анамыз әңгіме арасында «адал» деген сөзді жиі қайталады. Кездесу соңында ғасыр жасаған асыл ана маңғыстаулықтар атынан елін сүйген, елі сүйген «Нұрсұлтан балама берер батам бар деген-ді. Ол былай еді. – Нұрсұлтан баламыздың жолы болсын! Менің жасымды берсін. Адал еңбегі жана берсін, абыройлы болсын! Ерімізді, жерімізді Пір Бекет атаның әруағы қолдасын! Әумин!». Ал біз ғасыр жасаған асыл ананың осынау ақ батасын еліміздің бас газеті арқылы көпшілікке жеткізуді мақсат еттік. Жоламан БОШАЛАҚ, Ақтау.Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55
Софиядағы бокс бәсекесі: Қазақстанның 15 былғары қолғап шебері рингке көтерілді
Бокс • Бүгін, 09:48
Тұман, көктайғақ, жел: 25 ақпанда ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Президент Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:32
Алматыда тау курорттары альянсының III фестивалі басталды
Алматы • Бүгін, 09:30
Халықаралық сарапшылар Алматының тау туризмін дамытуға қолдау білдірді
Туризм • Бүгін, 09:26
Сербия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Президент • Бүгін, 09:15
Қаржы • Бүгін, 09:10
Елдік мүдде мен іргелі қағидаттар негізі
Саясат • Бүгін, 09:00
Әділетті Қазақстанның конституциялық көрінісі
Саясат • Бүгін, 08:55
Зергерлік бизнес жайын зерделесек...
Бизнес • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:45
Аймақтар • Бүгін, 08:40
