Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы! Біздер, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студент жастары, Сізді Қазақстан Республикасының кезектен тыс өткен президенттік сайлауында нағыз көшбасшы ретінде жеңіске жетуіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сайлауда бірауыздан өзіңізге дауыс бердік. Біз Сізді үлгі тұтамыз, Сізге ұқсағымыз келеді, Сізді мақтан етеміз. Біздер еліміздің егемендігінің нығая түсуіне, экономикасының өркендеуіне мүдделіміз. Болашағымыздың жарқындығына күмәніміз жоқ. Өйткені, ол Сіздің жастарға жасап отырған қамқорлығыңыздан көрініп тұр. Бір ғана мысал, жастарға әлемдік үлгідегі “Назарбаев университетін” ашып бердіңіз. Онда шетелдік білікті мамандар дәріс беруде.
Жастар әрқашан Сізбен бірге. Бесаспап маман болып, “болашақтың іргесін бірге қалайтынымызға” сенімдіміз.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізге зор денсаулық, күш-қайрат, мұқалмас жігер, еліміздің дамуы үшін тың идеяларыңыз бен ұсыныстарыңыздың, келелі шешімдеріңіздің сарқылмауын тілейміз!
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жастары атынан: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы А.Абдрахманова; студенттік кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж.Қорғанбаев; студенттік ректор З.Орынбеков; «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Н.Алтаев; «Қазақстан Студенттері Альянсы» республикалық студенттер қозғалысының мүшесі И.Бабик; университет «халықтар студенттік ассамблеясының» белсенді мүшелері Д.Овсеев, Я.Павловская, Е.Ли, А.Штунф, «Ақиқат» пікірсайыс клубының төрағасы Ж.Есеналиев, «Ауыл жастары одағының» төрағасы Ғ.Тұрғынбаев.
Шымкент.