06 Сәуір, 2011

Елбасын құттықтады

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Виктор Януковичпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Виктор Янукович Нұрсұлтан Назар­­баевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Украина Президентіне құттық­тауы мен шын ниетті тілегі үшін разылығын білдірді. *  *  * Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Александр Лукашенко Нұрсұл­тан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құт­тық­тауы мен шын ниетті тілегі үшін алғыс айтты. *  *  * Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының Президенті Серж Саргсянмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Серж Саргсян Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Армения Президентіне құттық­тауы мен шын ниетті тілегі үшін шынайы ризашылығын білдірді. *  *  * Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия Премьер-министрі Наджиб Разакпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Наджиб Разак Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы талассыз жеңісімен құттықтады. *  *  * Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ауған­стан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзаймен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Хамид Карзай Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Ауған­стан Ислам Республика­сы­ның Президентіне құттық­тауы мен шын ниетті тілегі үшін разылығын білдірді. *  *  * Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эсто­ния Республикасының экс-президенті Арнольд Рюйтельмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Арнольд Рюйтель Нұрсұлтан На­зарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы А.Рюйтельге ізгі тілегі үшін риза­шылығын білдірді.