07 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы №13

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 6 қаңтар                           Астана қаласы Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмi туралы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Ко­дексінің 437, 439-баптарына сәйкес, «Медком-МП» жауапкершілігі шектеулі қоғамының зияткерлік меншік объектілерінің құқығын қорғау мерзімін ұзарту туралы өтінішінің негізінде, сондай-ақ «Martell & Co.» компаниясының 1990 жылғы 26 желтоқсандағы № IR 565622 халықаралық тауар белгісі тіркеу мерзімінің өтуіне байланысты, бұйырамын: 1. Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін: 00121/ТБ-231210, 00122/ТБ-231210 тіркеу нөмірлерінің 6-бағанындағы «29.01.2011» деген цифрлар «29.01.2012» деген цифрлармен ауыстырылсын; тіркеу нөмірі 00062/ТБ-180308 зияткерлiк меншiк объектiсі алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Д.Қ. Төлемісов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ө.К. Бейіспековке жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Төрағаның  міндетін атқарушы  С.ДҮЙСЕБАЕВ.