14 Ақпан, 2017

Әлемдегі ең дамыған технологиялық қалалардың тізімі жарияланды

591 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Технологиялық сектор компанияларының бизнесін дамытуға ең қолайлы жағдай жасаған қалалардың алғашқы үштігіне америкалық Остин, Сан-Франциско және Нью-Йорк қалалары кірді. Ал технологиялық сала мамандарының өмір сүруіне ең ыңғайлы қала ретінде Копенгаген қаласы таңдалды, делінген Tech Cities 2017 зерттеуінде. Технологиялық қалалар рейтингін халықаралық Savills компаниясының сарапшылары түзді. Бірінші орында Остин қаласы болса, екінші орын Силикон алабындағы Сан-Франциско, үшінші орында Нью-Йорк мегаполисі. Сарапшылардың айтуынша, Техастағы Остин қаласы Сан-Францискодан асып түседі, өйткені бұл жақтағы жылжымайтын мүлік бағасы арзан. Бұл компания мамандарының жайлы өмір сүруіне мүмкіндік береді. Үздік ондыққа бұлардан бөлек Лондон, Амстердам, Торонто, Копенгаген, Бостон, Берлин және Сингапур кірді. Технология компаниялары қызметкерлерінің жайлы өмір сүруі бойынша бөлек жасалған рейтингте Копенгаген бірінші орыннан көрінді. Екінші және үшінші орындарды тиісінше Стокгольм мен Мельбурн алды. Ойын-сауық инфрақұрылымы жағынан алғашқы үштікте Лондон, Нью-Йорк және Токио. Өмір сүруге ең арзан технологиялық қалалардың ішінде Бангалор, Кейптаун мен Сантьяго үздік шықты.