20 Ақпан, 2017

Демократиялық үдеріс жалғасын табуда

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­стан үшін шын мәніндегі тари­хи жаңалық болған ғажап стратегиялық байлам жасап және әлемнің даму динамикасына тән демократиялық ре­формаларды енгізу арқылы бүкіл ғаламның саяси өмірін кезек­ті рет таңғалдырды. Бұл ре­форма Президент, Парла­мент және Үкімет арасындағы өкілеттіктерді Конституцияға өз­геріс енгізу арқылы бөлу жә­не елді саяси тұрғыдан демо­кратияландыру үшін жасалып отыр. Конституциялық өзгерістер Қазақстан экономикасының еңсе тіктеп, барлық болашақ проблемаларға қарсы тұра алатын институттардың әбден жетілген кезінде қолға алынып отыр. Сонымен қатар, өз­ге­ріс­терде жергілікті жерлердің ұсы­ныс­тары мен бастамалары да ескерілгені айқын аңға­ры­лады. Сонымен қатар, бұл өзгерістер Қазақстан аумағында ЭКСПО-2017 көрмесі өткізі­летін жылы енгізіліп отыр. Бұл Қазақстанның еуропа­лық құндылықтарға бағыт алған­дығын тағы бір рет көрсетіп, демократиялық институттарды жетілдіру арқылы елдегі барлық билік тармақтарын тең ұстауға ұмтылысты байқатады. Мұны Н.Назарбаевтың мына сөздерінен де аңғаруға болады: «Біздің жауабымыз айқын және бірізді: біз демократиялық да­му бағытымен жылжуды жал­ғас­тырамыз». Петру ЛИФИЧИУ, Румыния-Қазақстан сауда өнеркәсіптік палатасының төрағасы