08 Сәуір, 2011

Қазақстан жасампаз көшбасшыны таңдады

417 рет
көрсетілді
21 мин
оқу үшін

Бүгінде Қазақстандағы пре­­зиденттік сайлаудың қо­ры­тын­ды­лары Нұр­сұл­тан Назар­баевтың таны­мал­ды­лық феномені әді­лет­ті назар аудар­татын шетелдік саясаткерлер мен халық­аралық сарап­шылар тара­пынан белсенді тал­қы­ланып жатыр. Бұл аспект ал­дағы жылы өз­дерінде мемлекет бас­шы­сын сайлайтын біз­дің жа­қын көршіміз – ресейліктерді де қызық­ты­ра­тыны түсінікті. Барлық осы көкейкесті сұ­рақ­тарға «Российская газе­­таға» берген сұхба­тын­да Қа­зақстан Рес­пуб­ликасының Мем­­лекеттік хат­­­шысы – Сыртқы істер министрі Қанат САУДАБАЕВ жан-жақты жауап қайтарады. Қанат Саудабаев: Халықаралық қо­ғамдас­тықта бүгінде Қазақстанды заң­ды түрде құрметті және жауапкершілікті өңірлік держава ретінде қабылдайды. «Российская газета»: Қазақстан мемлекеті басшысының келесі сай­лауы 2012 жылы өтуге тиіс болатын, Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өткізуге не себеп болды? Қанат Саудабаев: 2010 жылдың жел­тоқ­санында бір топ қоғам қай­рат­кер­лерінің президент өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту бойынша референдум өткізу туралы бастама кө­теруіне және оның бес миллионнан астам қазақ­стандықтар мен Пар­ла­менттің қолда­уына ие болуына бай­ланысты Нұр­сұл­тан На­зар­­баевқа күрделі таң­дау жасауға тура келді. Бір жағынан, халықтың шынайы қалауы­мен есептеспеу мүмкін емес еді, екінші жағынан, демократиялық қағидаттарға адал­дықты сақтап, мемлекет басшысының сай­ланбалылық үдерісін бұзбау керек болды. Осындай жағдайда Назарбаев президенттік өкілеттікті іс жүзінде 2 жылға қыс­қар­татынына қарамастан, кезектен тыс сайлауға бару жөнінде бірден-бір дұрыс шешім қа­былдады. Бұл сияқты дана да батыл ше­шім­нің Қа­зақстанда да, сол сияқты халық­аралық қо­ғам­­дастықта да мейлінше оң қабылданғанын атап өту керек. 1000-нан астам байқаушылар жіберген көптеген халықаралық ұйым­дар тарапынан сайлауға белсенді мүд­делілік танытылуы со­ның бір дәлелі бола алады. «Российская газета»: Қазақстан Рес­пуб­ликасы президенттігіне кандидаттар сай­лауға немен келді? Қан­дай идеялар қазақ­стандық элек­­то­раттың назарына көбірек ілінді? Қанат Саудабаев: Ең алдымен би­ыл­ғы электоралдық науқанның еліміз­дің әлеу­меттік-экономикалық және қоғамдық саяси дамуындағы елеулі табыстары мен Қазақ­стан­ның және оның Көшбасшысының әлемдік қо­ғам­дастықтағы беделі мен рөлінің артуы аясында өткенін атап көрсеткім келеді. Осылайша, соңғы он жылда эко­номика көлемі 12 есе өсті, ІЖӨ дең­гейі жан басына шаққанда 9 мың АҚШ долларына дейін жетті, табыс­тары күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 4 есе төмендеді, мұға­лімдердің еңбекақысы 5 есе, дәрігер­лердікі 7 есе, зейнетақылар 6 есе өсті, бала туу 25 пайызға артты, бүкіл ел бойынша 45 миллион шаршы метр тұрғын үй, 450 аурухана мен емхана, 750 жаңа мектеп салынды. Президенттің 2005 жылғы сай­лауалды бағдарламасы толық көлемде орындалды. Олардың арасындағы шешуші құрамдасы – ауылды көтерудің кең ауқымды бағдарламасын жүзеге асыру болатын, соның нәтижесінде Қазақстан ұн экспортында әлемде бірінші орынға шығып, бидай экспор­тынан 7-орын алады, инфрақұры­лым­ды жеделдете дамыту, ІЖӨ-дегі ша­ғын және орта бизнестің үлесін арт­тыру қазірдің өзінде 30 пайызды құрап отыр. 122 миллиард доллар шетелдік инвестициялар тартылды, жа­һан­дық экономикалық дағдарысқа қарамастан 63 миллиард  доллар ал­тын-валюта резерві жинақталды. Оның сыртында демократиялық реформалардың ауқымды бағдарлама­сы жүзеге асырылды. Парламент өкі­леттігі ұлғайтылып, Үкіметтің депутаттар алдындағы есептілігі күшейтілді, құқық қорғау органдарында реформа табысты жүргізілді. Елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты да бітіспес күрес жүргізілуде. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы жаңа заң қабылданды, сайлау туралы, партиялар туралы, БАҚ туралы заңдар бейтараптандырылды. Сайлау және сайлану құқы, партиялар құру, діни сенім еркіндігі, сөз бостандығы құқы сияқты және басқа да көптеген жалпыадамзаттық құндылық­тар табысты жүзеге асырылуда. Халықаралық қоғамдастықта бүгін­де Қазақстанды заңды түрде құрметті және жауапкершілікті өңірлік держава ретінде қабылдайды. 2010 жылы Қазақстан посткеңестік мемлекеттер ішінде бірінші рет ЕҚЫҰ-ға төраға болды, 11 жылдан кейін тұңғыш рет Астанада біздің мемлеке­тіміздің басшысының бастамасымен ұйым саммитінің өткізілуі оның тамаша қорытындысына айналды. Онда қабыл­данған тарихи Астана декларациясы еуроатлантикалық және еуразиялық қа­уіп­сіздік қоғамдастығын қалыптас­тырудың бастауын білдірді. Бүгінде біздің сыртқы саясаттағы күн тәртібімізде ШЫҰ, ИКҰ министрлік конференциясы сияқты беделді халықаралық құрылымдарға төрағалық ету міндеті тұр, оның өзі Қазақстанның және оның Көшбасшысының әлемдік аренадағы өсіп келе жатқан рөлінің жарқын көрінісі болып табылады. Президенттікке кандидаттардың ара­сында патриоттар, коммунистер жә­не жасылдар партиялары өкілдерінің бо­луы қазақстандық қоғамдағы шынайы пікірлер алуандығын және бәсекелес идеялар ауқымының кеңдігін іс жүзінде бейнелеп берді. Сонымен бірге, кандидаттар бағдар­ламаларындағы әлеумет­тік бағдар, Қазақ­стандағы тұрақтылық пен орнықты дамуға адалдық оларды бір-бірімен біріктірді. Қоғамымызда экстремистік, ультра­ұлт­шылдық және реакцияшылдық ұран­дардың орын алмауы біздің мемлеке­тіміздің демократиялық таңдауды қар­қынды жүзеге асыруының әрі көр­сеткіші, әрі кепілі болып табылады. Сонымен бірге, Қазақстан сайлау­шы­ларына осы сайлауға экономикалық қуатты, бүгінде жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге лайықты үлес қосып отырған демократиялық тұрғыдан  дамыған мемлекет – Қазақ­станның тәуелсіздігі сияқты ұлы жетістікпен келген қазіргі Президент Назар­баевтың бағдарламасы бәрінен де белгілі және түсінікті. Қазақстан Көшбасшысының халық­аралық деңгейде жақсы мәлім көптеген серпінді бастамаларын бүкіл Қазақстан халқы заңды түрде мақтаныш етеді. Ол – әлемдегі төртінші зымырандық ядро­лық әлеуеттен бас тартып, Семей поли­гонын жабу туралы шешім, АӨСШК-нің мақсаты мен мазмұны болып табы­латын азиялық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құру, ЕҚЫҰ-ға ықпалды төр­ағалық және Астана саммитін өткізу. Ал іс жүзінде ашық далада тәуелсіз Қазақстанның жаңа Астанасын салу – шынымен де Нұрсұлтан Назарбаевтың адами және саяси ерлігі. Астана ұзақ жылдарға елдің тұрақты эко­номикалық дамуының катализа­то­рына айналды. Бүгінде қазақстан­дық­тар мен Астананың көптеген қонақтары болашаққа ұмтылған біздің елор­да­мыз­ға шын жүректен таңырқай қарайды. Бұл сияқты серпінді жобалар тәуел­сіз Қазақстанның ұзақ деуге келмейтін тарихында аз емес. Олардың бәрі біздің халқымыздың игілігі, мемлекетімізді ны­ғайтып, дамыту үшін жүзеге асырылуда. Қазақстандық сайлаушылар үшін Мем­лекет басшысының халқымыздың мүдделері мен талап-тілектеріне сәйкес келетін, ертеңгі күнге деген сенімінің кепілі болып табылатын елді 2020 жылға дейін дамытудың Стратегиялық жоспарын ұсынуының өзі айрықша маңызды. Бай саяси және өмірлік тәжірибе, тұл­ғалық жарқын бейне, жасампаз көш­басшының стратегиялық көреген­дігі, біздің Президентіміздің сирек кездесетін ішкі қуаты мен принципшілдігі мил­лиондаған қазақстандықтардың оған деген шынайы құрметі мен орнықты сеніміне негіз болды. Сайлаушылардың 89,99 пайызы келіп, олардың 95,55 пайызы өздерінің сынақтан өтіп мойындалған Көшбас­шысына дауыс берген өткен сайлаудың тамаша қорытындылары Қазақстан халқының өзінің бүгінгі және болашақ­тағы әл-ауқатын Елбасының айрықша жасампаз қызметімен байланыс­ты­ратынын сенімді түрде көрсетіп берді. Бұл елді қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға, қоғамымызды қар­қынды демократиялық дамытуға, елдің халықаралық беделін арттыруға бағыт­талған әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси тұрғыда одан әрі жаң­ғырту жөніндегі Президент страте­гия­сына нағыз бүкілхалықтық қолдау көрсетудің айқын индикаторы болып табылады. «Российская газета»: Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстың бір­қатар елдерінде болып жатқан ха­лықтық толқулар мен төңкерістердің Қазақ­стандағы электораттық нау­қанға қандай да бір әсері болды ма? Қанат Саудабаев: Өкінішке қарай, Қазақстандағы саяси үдерістер көрші мемлекеттердегі де, сол сияқты өзге өңірлердегі де тұрақ­сыз­дықтың үздіксіз лықсып тұруы аясында дамуда. Солтүстік Африка елдерінде болып жатқан үдерістер, соңғы 5 жылда Қыр­ғызстанда орын алған екі саяси дағ­дарыс халықтың әл-ауқатын жақ­сарт­пай, қауіпсіздікті, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етпей, ондай катаклизмдерден қашып құтылудың мүмкін еместігі туралы тарихи ақиқатты тағы бір рет сенімді түрде дәлелдеп берді. Осылардың бәрі қазақстандықтар үшін Мемлекет бас­шысының тұрақтылықты нығайтуға және халықтың әлеуметтік қорғалуын арт­тыруға деген бағытына қолдау көрсетуі үшін тағы бір мықты дәйек болды. Біздің бәрімізге әлі де Араб әлемінің бірқатар елдеріндегі тұрақсыздық ахуал­дарының тереңде жатқан себептеріне талдау жасауға, сөйтіп, тиісті қорытындылар шығаруға тура келеді. Дегенмен, ол оқиғалардың барлық мемлекеттердегі басқарушы элитаға өзіне тағдырын сеніп тапсырған өз халық­тарының көкейкесті мүдделерін басшы­лыққа алу керектігін тағы бір еске түсіргені қазірдің өзінде айдан анық болып отыр. Бақытымызға қарай Қазақстан үшін Президент Назарбаев әр кезде де халықпен бірге болды және халық үшін бәрін де жасады. Ол – сирек кездесетін стратегиялық көрегендік пен алдын ала әрекет ете білу қабілетімен ерекшеленетін нағыз жасампаз Көшбасшы. Қазақстан мұнай-газ секторын да­мытудан айтарлықтай дивиденттер ала бастаған кезде Назарбаев, бейнелеп айтқанда, «қара күнге» арналған қаржы қалыптастыратын Ұлттық қор құру ту­ралы ұстанымда болып, осы идеясында тұрғанын еске сала кетейін. Және бұл жинақталған қаржы бізге тіпті қиын дағдарысты уақыттың өзінде де тұр­ғындардың әл-ауқатын жеткілікті дең­гейде ұстап тұруға, зейнетақы мен жәрдемақыларды дер кезінде төлеп тұруға мүмкіндік берді. Інжіл патшасы Сүлейменнің бір тәмсілі былай дейді: «Егер сен басыңа қиындық түскенде әлсіздік танытсаң, демек, сен шын мәнінде әлсізсің». Бүгінде, әлемдік экономикалық дағ­дарыс салдарынан іс жүзінде тіпті аса дамыған мемлекеттердің өзінде еңбек­ақы, әлеуметтік шығындар, зейнетақы төлемдерін төмендету, жұмыс орын­дарын қысқарту жаһандық үрдіске айналса, Қазақстан жылдан жылға еңбек­ақыны, зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерін ұлғайтып, жаңа жұмыс орын­дарын ашып жатыр. Және бұл мемлекет қуатының белгісі, оның көшбас­шы­сының халық алдындағы жауапкер­шілігінің нәтижесі. Н.Назарбаевтың өткен сайлаудағы тамаша жеңісі тәуелсіздіктің барлық жылдарында халықтың өмір сүру дең­гейін жақсартып, өз елін дамыту үшін қолынан келгенінің барлығын жасаған және жасап жатқан өздерінің танымал көшбасшыларына қазақстандықтардың жоғары сенімін тағы бір мәрте сенімді түрде айғақтап берді. Өкінішке қарай, әлемнің кейбір елдерінде электоралдық үдерістер адам­дардың арасына жік салып жатқан кезде Қазақстандағы ел Президентін сайлау халықты Ұлт Көшбасшысы төңірегіне бұрынғыдан бетер топтастыра түс­кенін жарқын мысал ретінде атап өткім келеді. Міне, Нұрсұлтан Назар­баевтың өз халқын кең ауқымды міндеттер жолында жұмылдыра білетін ғаламат қабілетінің феномені нақ осында. Президенттік өкілеттігінің жаңа мерзімінде де Назарбаев Қазақстанның бейбітшілік пен келісім, игілік пен өркендеу жолымен сенімді түрде және бірізділікпен әрі қарай ілгері жыл­жы­тып, біздің позицияларымызды халық­аралық аренада нығайта түсуге арнай­тынына күмән жоқ. «Российская газета»: Халық­ара­лық байқаушылар миссияларының негізгі бағамдары қандай? Қанат Саудабаев: Қазақстандағы президенттік сайлауға мониторингті 1000-нан астам халықаралық байқау­шылар ғана емес, сондай-ақ ел сайлау учаскелерінің үлкен бөлігін қамтыған ондаған қазақстандық қоғамдық бірлестіктер мен оппозициялық партиялар өкілдері жүргізді. Біз іс жүзінде байқаушылар жұмысы үшін өте жақсы жағдайлар жасадық. Солардың өздерінің сөздерінше, «жа­бық есіктер деген атымен болған жоқ». Бұл сайлау үдерістерінің ашық­тығын тағы бір мәрте айғақтаған факт болды. Халықаралық байқаушылардың ба­ғам­даулары бойынша, сайлау Қазақ­станның демократиялық дамуында ай­тарлықтай прогресс бар екенін көр­сетіп, еркін және ашық ауанда өтті. Билік пен қоғам сайлауды халық­аралық стандарттарға сәйкес өткізу үшін саяси ерік-жігер мен жауапкершілік танытты. Қазақстан Президентін сайлаудың қорытындылары  қазақстандық сайлау­шы­лардың еркін толық көлемінде көр­сетіп,  Көшбасшы мен республика халқының бірлігін айғақтап берді. Сонымен бірге, біз халықаралық байқаушылардың Қазақстандағы элек­торал­дық үдерістерді дайындап, өткі­зуді одан әрі жетілдіру қажет деген сындарлы тілектерін де ризашылықпен қабылдаймыз. Назарбаев қоғамда саяси либерализациялау жалғасатынын, заң мен еркін сот жүйесінің үстемдігі нығаятынын, шынайы көппартиялылық құрыла­ты­нын нақ осы констексте жариялаған болатын. Бұқаралық ақпарат құрал­дарының бостандығын қамтамасыз етуге де ерекше назар аударылады. Президенттік сайлаудың қорытын­дылары мен онда Назарбаевтың тамаша табысқа жетуі халықаралық қоғам­дас­тық тарапынан айтарлықтай оң қабыл­данды. Осы күндері Президент алып жатқан көптеген құттықтауларда әлем­дегі жетекші елдердің көшбас­шылары Назарбаевпен ынтымақтастығын одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдіреді. Өйткені, олар Қазақстан басшысын қауіпсіздікті нығайтып, әлем­дегі ынтымақтастықты дамытуға ұлғаймалы үлес қосып келе жатқан сенімді де болжамды әріптес ретінде көреді. «Российская газета»: Назар­баев­тың қайта сайлануы Қазақстан-Ресей стра­тегиялық әріптестігінің бо­лашағы үшін нені білдіреді? Қанат Саудабаев: Президент Назар­баевтың басшылығымен Қазақстан Ресейдің барынша бірізді және сенімді одақтасы болса, ал біздің халық­тарымыз шынайы достық пен бауыр­ластықтың мықты желісімен байланған. Және осы баға жеткізгісіз байлықты біз сақтай және нығайта біліп, болашақ ұрпаққа беруге тиіспіз. Осы контексте мен әділеттілік үшін Назарбаевтың ерекше рөлі туралы атап өтсем деймін: оның ерік-жігері мен даналығының және ерлігінің арқасында ұлан-ғайыр Кеңес Одағын коллапстың ықтимал ауыр салдарынан сақтап қалдық.  Сөйтіп, бұрынғы кеңестік республи­калардың өркениетті ыдырауы ресімделді. Тарих 1991 жылдың 21 желтоқ­са­нында Назарбаевтың бастамасы бойын­ша және оның көшбасшылығымен қабылданған, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрудың негізіне айналған Алматы декларациясының барлық ау­қымы мен құндылығын алда лайықты деңгейде бағалайтын болады. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қа­тынасы тең құқықты, шынайы әріп­тестер мен одақтастардың құрметті және өзара тиімді қарым-қатынасының жарқын үлгісі болып табылады. Бүгінде біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыз мыңдаған берік желімен байланған. Және мұндай бекем, уақыт сынынан өткен әріптестіктің негізі Назарбаевтың Ресей мемлекеті басшы­лығымен шынайы, өзара сенімге құрыл­ған  қарым-қатынасында жатыр деуіміз керек. Осы жылдардың бәрінде біздің мем­лекеттеріміздің арасында  ешқашан шешілмеген проблемалар болған жоқ – экономикада да, саясатта да. Барлық мәселелер – ал олар біз көрші мемлекеттер болғаннан кейін кейбір кездері пайда болып тұрады – қашанда келіссөздер жолымен, өзара түсіністік жағдайларында, мүдделестіктерді есепке ала және құрмет танытыла отырып, шешімін тауып келді. Және бұл қазірдің өзінде әріпестігіміздің ай­рықша белгісі, бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі мемлекетаралық қаты­настардың өзіндік эталоны болды. «Жасампаз көшбасшы» фило­со­фиясы тұрғысынан келгенде, елде­ріміздің осындай прагматикалық және сындарлы өзара іс-қимылын біз ТМД-дағы ықпалдастық үдерістердің локомотивіне айналдырдық. Біздің елдеріміздің арасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды Ресей Президенті Д.А.Медведев дәл және бейнелі сипаттап берді: «Қазақстан мен Ресей бір-бірін тек бауырлар қолдайтындай деңгейде қолдап келеді». Бұдан асырып айта алмайсың және бұл – шын мәнінде тауып айтылған сөз. Сондықтан Президент Назарбаев­тың алдағы жылдары Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын барлық кешенді шаралар бойынша одан әрі нығайту мен дамытудың жылдары болады деп сеніммен мәлімдей аламын. Біздің бірлескен стратегиялық жобаларымыз энергетика, ғарышты игеру, көлік коммуникациялары, инфра­құрылымдарды дамыту сияқты салаларда қуатты серпін алатын болады. Осы үдерістердің шекаралық ынтымақтастыққа серпін қосатыны да сөзсіз. Тағы бір атап өтетін жәйт – өзінің пішіні жағынан көптеген екіжақты жобалар адамзат үшін көкейкесті болып табылатын ядролық таратпау, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі, климаттық өзгеруі сияқты мәселелерде халықаралық маңызға ие. Қазақстан-Ресей әріптестігінің бо­лашағы туралы айтқанда, іс жүзінде Назарбаевтың сайлауалды тұғырна­масының рефрені болған Қазақ­станның индустриялық-инновация­лық даму стратегиялық бағдарла­масының модернизациялық салмағын ерекше атап көрсеткім келеді. Ол біздің еліміздің перспективасы үшін ғана емес, сондай-ақ алдына жалпыұлттық модернизация мен қо­ғамның барлық саласын жаңғырту міндетін қойып отырған біздің жақын көршіміз Ресей үшін де аса маңызды. Егер біздің елдеріміз үкіметтерінің жоспарларын мұқият зерттейтін болсақ, онда біз екі мемлекеттің де одан арғы өсімнің қозғалтқышы болатын инфрақұрылымдарды, инновациялар мен ғылыми бағыттағы өндірісті кең көлемде инвестициялап отырғанын көреміз. Екі одақтас мемлекеттің осындай синергиясы, атап айтқанда, құрылған Кедендік одақ шеңберінде олардың өзара күшеюіне барынша ықпал ететін болады. Қазақстан мен Ресей нақ осылайша бірін-бірі толықтыра және өзара бастамаларын дамыта отырып, қазіргі әлемдегі өздерінің позиция­ларын сенімді қамтамасыз ете алады. Президент Назарбаев – Қазақстан жағының бұған үздік кепілі. Біздің мемлекеттеріміздің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы да бұдан да белсенді және жемісті дамитыны сөзсіз. «Российская газета»: Қазақстан халқы сайлаудан кейінгі кезеңнен не күтеді? Олар жаңа сайланған мемлекет басшысынан не күтеді? Қанат Саудабаев: Көпұлтты Қа­зақстан халқының күтетіні де басқа ел азаматтарынікі секілді. Бұл – біздің ортақ үйімізде бейбітшілікті,  келісім мен тұрақтылықты сақтау, адамдар өмірінің сапасын одан әрі жақсарту, олардың ертеңгі күнге деген сенімдерін арттыру. Басқа да өркениетті мемлекеттердегі секілді біз де демо­кратиялы, қауіпсіз және өсіп-өркен­деген, зорлық-зомбылықтан, жемқор­лықтан, қылмыстан ада қоғамда өмір сүргіміз келеді. Міне, іс басындағы Қазақстан Президенті Назарбаевтың сайлауалды бағдарламасы осындай жалпы адам­зат­тық үміттерді орындауға бағыт­талған болатын. Қазақстандықтар өздерінің мо­йын­­далған және сенімді көшбас­шылары Назарбаев сайлау қорытын­дысы бойынша алған бүкілхалықтық сенім мандатын халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі жоғарылату, елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамта­масыз ету, елді бірізділікпен әлеу­меттік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамыту үшін толықтай пай­даланатынына нық сенімді. Президент Назарбаевтың тәні де, жаны да тамаша бабында екенін ерекше атап көрсетемін. Оның бастауымен көптеген жыл­дар жұмыс істеген адам ретінде Президенттің сирек кездесетін жұмыс істеу қабілетіне таңқалудан және оқып-үйренуге, өзін-өзі жетілдіруге деген  шаршамайтын ұмтылысына таң­қалудан жалыққан емеспін. Ол әлі көптеген жылдар бойы Қазақстанды бейбітшілік пен келісім, игілік және өркендеу жолымен сенімді алға жетелейтін, болашаққа ұмтылған шын мәніндегі жасампаз Көшбасшы.

07.04.2011.

Евгений ВАСИЛЬЕВ,

«Российская газета» – федералдық шығарылым.