08 Сәуір, 2011

Қазақстан – үлкен саясаттың маңызды факторы

406 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Кеше «Ramada Plaza» қонақ үйінің мәслихат-за­лында «Нұр Отан» ХДП ұйымдастыруымен саяси са­рапшылар Еуразия жүйесінің «Қазақстандағы президенттік сайлау: қорытындылары мен болашақ перс­пек­тивалары» деген тақырыпта ІІ отырысын өткізді. Оның жұмысын моде­ра­­торлық етуші, «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институтының дирек­то­ры Болат Байқадамов аш­ып, жүргізіп отырды.  Кі­­ріспе сөзінде ол өзде­рі­нің шақыруы бойынша кел­ген отандық және ресейлік  са­рапшы маман­дар­ға алғы­сын айтты. Біздің бүгінгі отырысымыз Қазақстанда кезектен тыс болған президенттік сайлау қорытын­ды­сын талқылауға арнала­ды. Сайлауда қазақстан­дық­­тар жоғары дәрежелі белсенділік көрсетіп, 90 пай­ызға жуық қатысты және соның 95,5 пайызы Н.На­зарбаевқа дауыс бергенін білесіздер. Сөйтіп, қазақ­стандықтар өздерінің лидерлеріне деген жоғары дә­режелі сенімін кезекті рет көрсетті, дей келіп, шешен осынау феноменнің сырын ашып көрсетуге ұмтылды.  Меніңше, деді ол, көптеген қазақстандықтар Нұрсұл­тан Назарбаевты ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздік­тің символы ретінде қа­рас­тыратын сияқты. Оның үстіне жиырма жыл бойы биліктің басында отырған Елбасын біздің азамат­та­ры­мыз өз өмірлерінің ма­ңыз­ды бөлігіне балап кеткендей. Осы сайлаудың ба­рысында халықтың өз лидеріне деген сенімі мен сүйіс­пеншілігі айрықша кө­рінді. Меніңше, оны Елбасының өзі де сезінген секілді. 3 сәуір күнгі түнгі сағат 24-те ол «Нұр Отан» ХДП қолдаушылар штабындағы өзінің жақтастары мен пі­кір­лестерінің арасына келген еді. Сонда Президент­тің аузынан «айналайын­дар» деген тамаша сөз шық­ты. Мен бұрын-соңды Президенттің аузынан осы сөзді естімеппін. Осының өзі халықтың өзіне деген махаббатына сүйсінген жү­рек­тен шыққан ең жылы жауабы ма деп қалдық. Қа­лай десек те, қазақ­стан­дықтар Елбасының аса да­рынды саяси шеберлігіне өздерінің жоғары бағасын берді. Осыдан әрі сарапшы-мамандар сөйледі. Алды­мен сөз кезегін «Известия Казахстан» газетінің бас редакторы Эдуард Полетаев алды. Оның баяндамасының тақырыбы «Қазақ­стан­дағы «сайлау» мен «тұ­­рақтылық» құбы­лыс­тары арақатынасының динами­касы» деп аталды. Бір қы­зығы, деп бастады ол өзі­нің сөзін, сайлаудың ал­дын­да айтылған болжам­дар­дың барынша нақты бол­ғанына таңқаласыз. Сон­дықтан да оның қоры­тын­дысы ешкімді де таң­қалдыра алмады. Элек­то­рат­тың пікірін білу бары­сында да олардың тұрақты түрде Н.Назарбаевты қол­дай­тыны айтылып жатты. Осының өзі олардың қа­зір­гі өмір сүру қалыбына риза екендіктерін көрсетеді, деді ол. Сайлау қорытындыла­ры бойынша кең де терең мазмұнды сарапты Мәскеу мемлекеттік универ­си­теті­нің Посткеңестік кеңіс­тік­тегі қоғамдық-саяси үде­ріс­терін зерттеу ортал­ы­ғы­ның бас директоры Алексей Власов айтты. Оның баяндамасының тақырыбы «Сайлаудан кейінгі Қазақ­стан. Ішкі саяси ахуалдың даму перспективалары» деп аталады.  Қазақстан­дағы сайлауға деген қызы­ғушылық Ресейде ғана емес, Батыс елдерінің бә­рінде де болды десек, ар­тық айтқандық емес. Мә­селен, АҚШ-тың өте ық­палды «Нью-Йорк таймс» пен «Вашингтон пост» газеттерінде Қазақстандағы сайлау туралы көлемді ма­қалалар басылды. Осының бәрі бүгінгі күні Қазақстан әлемдік саясаттың маңыз­ды факторына айналғанды­ғының көрінісі. Егер кейбіреулер Ресейде Қазақстан­дағы сайлауға деген қызы­ғу­шылық неге соншалық­ты үлкен деп жатса, оның жауабына: Қазақстан – халықаралық аренада пост­кеңестік республикалар ара­сынан бірінші болып өз алдына күшті ойыншыға айналып отыр. Сондықтан ондағы ахуалды терең білу қажет деп жауап берер едік, деді ол. Одан әрі шешен сай­лаудың ешқандай төтенше оқиғасыз, арандатушылық­сыз, тыныштықпен өткенін атап өтті. ЕҚЫҰ тарапы­нан болған кейбір ескертулерді есепке алмағанда, жалпы сайлау барысында азаматтардың сайлау құқы толық сақталғандығы белгілі болды. Бұл туралы ТМД елдерінен келген са­рапшылар да өз есептерінде айтып өтті, деді. Қазақ­станның ішкі саясатын­дағы ахуалының өзгеру перс­пек­тивалары туралы сөз қоз­ғағанда, ол жаңғыр­тудың қа­жеттігін атап көрсетті. Жал­пы айтқанда, Қазақ­стан – модернизация жаса­ған­ның өзін­де тұрақты­лықты сақ­тап отырған аз елдердің бірі. Бү­гінгі күнгі ха­лықтың Н.Назарбаевты қолдауы қандай рефор­ма­ны да енгізе алуына мүм­кіншілік береді. Сондық­тан 2007 жы­лы басталған саяси рефор­маны алаңсыз аяғына дейін жеткізу керек, деді ол. Бұдан кейін сөйлеген шешендер де көтерілген мә­се­лелер туралы терең маз­мұн­ды пікірлер айтып жатты. Отырыс қорытын­дысы бой­ын­ша қаулы қа­былданды және жа­салған баянда­ма­лар­ды жинақтап, жеке кітапша етіп шы­ғару қажеттігі ай­тылды. Жақсыбай САМРАТ.