Президент • 08 Тамыз, 2024

Астанада көрнекті ойшыл Әлішер Науаидің ескерткіші ашылды

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Астанадағы Әлішер Науаи ескерткішін салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды Egemen.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада көрнекті ойшыл Әлішер Науаидің ескерткіші ашылды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы елорда төрінде ұлы ақын, көрнекті ойшыл Әлішер Науаидың еңселі ескерткішінің бой көтеруі, ең алдымен, қазақ жұртының өзбек халқына деген ерекше ықыласының белгісі екенін айтты.

«Біз – ежелден еншісі бөлінбеген ағайын елміз. Жұртымызды біріктіретін ортақ құндылықтар көп. Тарихымыз бен тіліміз – тамырлас, дініміз – ортақ. Екі ел арасындағы бауырластық байланыстың өзіндік дәстүрі қалыптасқан. Бұл ретте Әлішер Науаидың алатын орны ерекше. Мұхтар Әуезов «Әлішер Науаи жалғыз өзбек әдебиетінің көлемінде қалған жоқ. Бертін келе Азиядағы, Шығыстағы көп елдің әдебиетіне әсер етті» деген. Біз ұлы ақынның мұрасын күллі түркі жұртының рухани қазынасы деп санаймыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев