24 Ақпан, 2017

Спортшы, дәрігер мен мәдениет саласы қызметкерлеріне жатақхана салынады

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде төрт отбасылық жатақxананы салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Иә, қазіргі кезде ондай жоспар бар. Төрт жатақxананың жобасы әзірленіп жатыр. Бір жатақxана спортшыларға, екіншісі - мәдениет саласының қызметкерлеріне, үшіншісі - ата-анасыз қалған балаларға, ал төртіншісі медицина мамандарына салынады деген жоспар бар. Оған бюджет саласының басқа да қызметкерлерінің отбасыларын кіргізу мәселесін қарастырып жатырмыз. Жатақxаналарда болатын орындардың жалпы санын әзірше айта алаймыз. Себебі бұның бәрі әлі жоба күйінде болып тұр», - деді «Astana Innovation» АҚ мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жөніндегі басқарушы директор Жанар Мұсатаева. Оның айтуынша, аталған құрылыс нысандары мемлекеттік- жекеменшік серіктестігі негізінде салынатындықтан, бизнес үшін негізгі табыс көздерін белгілеп алған жөн. Сондықтан бүгінде отбасылық жатақxаналарды барынша коммерциализациялау, яғни одан түсетін пайда көздерін арттыру мәселесі пысықталып жатыр.