24 Ақпан, 2017

Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жобасы мамырда енгізіледі

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жобасын мамыр айында енгізеді. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында аталған ведомство басшысы Дәурен Абаев мәлімдеді. "Елбасы Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қабылдауды тапсырғанын білесіздер. Осы арқылы цифрлық индустрияны, ІТ саланы дамыту мәселелері жолға қойылуы керек. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі бүгінгі күні бұл бағытта үлкен жұмыстар атқаруда. Атап айтқанда, мемлекеттік бағдарламаның жобасын Үкіметке осы жылдың мамыр айында енгізуді жоспарлап отырмыз",-деді Д. Абаев. Бұдан бөлек, министр ведомство 1 300-ге жуық ауылды оптикалық-талшықты желімен қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыруға кіріскенін жеткізді. Осы орайда 2 миллионнан астам адам кең жолақты интернетке қол жеткізетін болады. Аталған жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қамтылады.