24 Ақпан, 2017

Қазақстанда білім беру гранттарының саны артты

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ағымдағы жылы Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсуге арналған білім гранттарының саны артты. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерлан Сағадиев мәлімдеді. "Үстіміздегі жылы жоғары білім беру жүйесінде гранттар саны бакалаврлар үшін 31 мыңнан 36 мыңға, магистранттар үшін 7 мыңнан 10 мыңға, докторанттар үшін 600-ден 1 мыңға арттырылды. Бұл өте байыпты өсім", - деді министр. Сонымен қатар Ерлан Сағадиев өңір әкімдерінен облыстың ерекшеліктеріне байланысты жергілікті жоғары оқу орындарына өз гранттарын бөлуді сұрады.