26 Ақпан, 2017

Құлаған тiкұшақтан аман қалған жолаушы Айғыз ауылына жеткізілді

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шығыс Қазақстанда жоғалған тiкұшақ Аягөз қаласының солтүстік батыс бөлігінен 60 шақырым жерден табылды. Тiкұшақтың құлаған орнын бүгін Алматы облысынан іздестіру жұмыстарына арнайы ұшып келген МИ-2 жеке меншік компаниясының тiкұшағы әуеден барлау жасау арқылы анықтады. "Қазәуенавигация" мекемесінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, құлаған тiкұшақтың ұшқышы апат орнында көз жұмған. Аман қалған жалғыз жолаушы Айғыз ауылына жеткізілген. Соңғы нақтыланған деректерге сенсек, құлаған тiкұшақтың бортында екi адам, яғни, бiр жолаушы мен бiр ұшқыш болған. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаменті мен тиісті сала құтқарушылары оқиға орнына жетiп, мән - жайды анықтауда. Азамат ҚАСЫМ, "Егемен Қазақстан" ӨСКЕМЕН