12 Сәуір, 2011

Күн тәртібіндегі көкейкесті мәселе

515 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Жуырда Сенаттың жалпы отырысында сенатор Михаил Бортник Үкімет басшысы Кәрім Мәсі­мов­ке депутаттық сауал жолдады. Онда сенатор экс­порттық кедендік баж салығы турасында нақты түсіндіріп беруді сұрады. Экспорттық кедендік баж салығы өткен жылдың жазынан бастап елімізде шикі мұнайға қайтадан енгізілген болатын. Оған дейін аталмыш салық 2008 жылдың мамыр айында алғаш енгізіліп, 2009 жылдың қаңтарына дейін қолданыста болды. Оның көлемі тоннасына 109,91 $-дан 203,8 $-ға дейін түрленіп отырды. Ал 2009 жылдың қаңтарында әлемдік мұнай бағасының күрт төмен­деп кетуіне байланысты салық көрсеткіші нөлге дейін төмендеп кеткен еді. Алайда 2010 жылдың тамызынан бастап, ел Үкіметі «мұнай бағасының тұрақтануына» байланысты экспорттық кеден салығын тоннасына салынатын салық мөлшерін 20$-ға дейін көтерді. Бұл өзгеріспен бірге оны төлейтіндер қатары да өзгертілді. Яғни, экспорт­тық кедендік баж салығын төлемейтін, одан босатылған экспорттаушылар саны қысқарды. Ос­ындай өзгерістер барысында компаниялар бұрын шикі мұнайға ренталық салықты төлейтіндігін ескерсек кеден салығын төлеуге міндеттеу мәселесі көкейкесті болып отыр. Жалпы алғанда кедендік баж салығы – экспортталатын өнімнің құнына қосылатын жанама салық болып есептеледі. Бұл салықтың қосарланған түріне әкеледі деген сөз. Ренталық салық пен экспорттық кедендік баж салығының айырмасы мында, алғашқысы Ұлттық қорға құйылса, екіншісі бюджетке келіп түседі. Оған қоса экспорттық кедендік баж салығы ставкасының көтерілуі экспортталатын өнімнің құнының өсуіне әкеп соғады. Жаңа Салық кодексі енгізілгенге дейін Үкімет қос салықтың бірін-бірі қайталайтындығын ескере отырып, ренталық салықты экспорттық кедендік баж салығына ауыстыруға байлам жасаған еді. Алайда қазір бұл жағдай керісінше, тіпті салық ставкасы екі есеге дейін, яғни, тоннасына 40 $-ға көтерілді. Бұл қазына жүйесінде бірқатар даулы мәселелер бар екенін көрсетіп отыр. Сенат депутаты өз сауалында Елбасының Қа­зақ­стан азаматтарын отандық ірі мемлекеттік ком­па­нияларды қарапайым адамдармен ортақ иемдену идеясын қолдайтындығын білдіре отырып, оны «халықтық ІРО» арқылы жүзеге асырылатынын жеткізді. Осы орайда М. Бортник мұнай өндіруші компаниялардың экспорттық кедендік баж салы­ғын төлеуі туралы тақырыпты тағы да қозғауды жөн көріпті. Бұған дейін осы мәселеге байланысты депу­тат­тық сауалға жауап берілгеніне ризашылығын білдіре отырып, сенатор онда өзін қызықтырған кейбір сұрақтарға жауап ала алмағандығын жеткізді. Атап айтқанда, экспорттық кедендік баж салығының шартты түрдегі ставкасы 40 доллар болып, «есеппен белгіленді» дей келе, сіздерде оның анық­тамасының нақты формуласы жоқ. Салықтың қай уақытта және қаншаға көтерілетіні туралы да белгісіз. Сәйкесінше, компаниялар мен акционерлерге өз қызметіне байланысты жоспарлау мен алдын-ала болжауды жүргізуге негіз боларлық ақпарат жоқ болып отыр. Бұл жағдайда, яғни белгісіздік жағдайында қандай жұмыс жөнінде сөз болмақ? – Сіз өз жауабыңызда Ресей Федерациясындағы салық төлеу жүйесіне сілтеме бересіз, сондай-ақ бірқатар Еуропа елдеріне, оның ішінде Скандинавия елдерін мысалға келтіріпсіз. Алайда қарапай­ым түрде алсақ, Қазақстан мен Ресейдегі салық салу құрылымы мен жер қойнауын пайдалану­шы­лар­ғ­а әсер ету тұтқасы салыстыруға келмейтіні нақты белгілі. Тәуелсіз талдаушылар берген баға бой­ын­ша, Ресейдегі қазыналық режімді қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылар жағдайына қол­дан­сақ, онда оларға салық салмағы 90 пайыздан асып түсуі мүмкін. Оның үстіне Қазақстан мен Ресейдің экспорттық салық көлемдерін салыстыру қисынға келмейді, өйткені Қазақстанда экспортқа кірістірілген ренталық салық бар, ал Ресейде мұндай жүйе жоқ, – дейді өз сауалының астарын түсіндіру барысында М. Бортник мырза. Бізде ауыр өндіріс жағдайында өндірілетін төмен ренталы кен орындарында жер қойнауын пайдаланушыларды қорғау механизмі бар екенін мойындау қажет. Алайда бұл «жеңілдіктің» әсері (пайдалы қазбаны өндіруге салынатын салық көлемін түсіру) салық жүктемесінде пайыздың жүз­дік үлесімен есептелетінін айтсақ, жаңа экс­порттық кедендік баж салығын енгізу барысында тәуелсіз сарапшылардың есебінше, 9 пайыз өс­кендігін көрсетеді. Мұндай жағдайда саланың инвестициялық тартымдылығы туралы сөз қозғау артық секілді. Осы арада сенатор Михаил Бортник қозғап отыр­ған мәселесінің сипаты негізділігін, тіпті са­лықтың нақты көлемі немесе салық жүктемесі деңгейінен де маңызды екенін жеткізді. – Ендігі жерде біз ұлттық компаниялардың «халықтық ІРО»-ға айналу табалдырығында тұрмыз, оның ішінде шикізатқа қатысы да бар. Кен өндіруші компаниялардың салықтық деңгейі қандай бола­ты­нын түсінбей тұрып, оған адамдар өз жинақтарын салу, акцияларын сатып алу шешімін қабылдау мүм­кін емес, – деді сенатор мырза. Жоғарыда көтерілген жағдайға байланысты менің қойған сұрағыма жауап беруіңізді сұраймын, – деп сенатор Михаил Бортник сауалын жария етті. Оның алғашқысы – Үкіметтің «Самұрық-Қазына» қорына кіретін, келешектегі ұлттық компания­лар­дағы «халықтық ІРО»-ны есепке ала отырып, өнді­руші компанияларға қатысты қазыналық саясатты қалай құратындығы туралы болды. Сенатордың екінші сұрағының өзегі – Үкі­меттің қазақстандық жер қойнауын пайдаланушы-компаниялардың акцияларына экспорттық кедендік баж салығына байланысты қабылданған ше­шімдердің орындалуына бақылау жүргізіле ме дегенге ұласты. Егер бақылау жүргізілсе, мұндай шешімдердің институционалдық шетелдік инвесторлармен қатар қазақстандық, атап айтқанда жи­нақтаушы зейнетақы қорына қалай әсер етпек? Со­нымен қатар, маңызды көлемдегі шетелдік капи­тал­ды тартуды қарастыратын үдемелі индус­трия­лық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асуына қалай әсер ететіндігі жөнінде алдын ала болжам жасалған ба, дей келіп М.Бортник осындай болжам жасалған жағдайда оны жұртшылыққа жариялауды өтінді. Венера ТҮГЕЛБАЙ.