02 Наурыз, 2017

Мұнай-газ саласында кәсіпкерлікті дамытуға мән берілмек

514 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
2017 жылғы 2 наурызда ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің баспасөз орталығында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясында ведомство басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында белгіленген отын-энергетикалық кешеніне арналған негізгі міндеттер туралы айтты. ҚР Энергетика министрлігі мұнай-газ секторында, оның ішінде геологиялық барлау, мұнайгазхимия және электр энергетикасы салаларында мынадай шаралар кешенін қабылдайтын болады. 1. Кәсіпкерлікті дамыту: - мұнай-газ секторын дамытуды ынталандыру үшін Жер қойнауы туралы кодекс және Салық кодексі жобаларында жүйелі шаралар ұсынылды. Жер қойнауы туралы кодекске мынадай ұсыныстар берілді: - жер қойнауын пайдалану құқығын алуды жеңілдету: өтініш бойынша аукцион, 2 түрлі келісімшарт – «барлау мен өндіру» және «өндіру», құқықтық және экономикалық сараптамаларды қысқарту сияқты; - қорлар бойынша есептіліктің халықаралық жүйесін енгізу; - әкімшілік кедергілерді жою: негізгі жобалау құжаттарынын тізбесін қысқарту, жекелеген рұқсаттарды алып тастау, рәсімдер мен құжаттарды қарастырудың мерзімін қысқарту. Салық кодексінде салықтарды азайту бойынша нормалар: - барлауға келісімшарт пен өндіруге келісімшарт арасындағы салықтық шекараларды жою – геологиялық барлауға жұмсалған шығындарды өндіруге арналған басқа келісімшарт есебінен шегеруге, пайдаға және үстеме пайдаға салықтар бойынша шығындарды азайтуға мүмкіндік береді - коммерциялық табу бонусын алып тастау - терең (6000 метрден астам) кен орындары мен теңіз жобалары үшін жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерін алып тастау және қаржы нәтижесі салығына көшу Барлауға жаңа келісімшарттар үшін оқыту, ҒЗТКЖ,  өңірлерді әлеуметтік дамытуға аударымдар, тарихи шығындар бойынша міндеттемелер алып тасталады. - мұнайгазхимия саласында мұнай-химия зауыттарын іске қосу (полиэтилен, полипропилен өндіру) экономиканың аралас салалары үшін мультипликативтік әсерді қамтамасыз етеді, атап айтқанда құрылыс, медицина, автоөнеркәсіп салаларында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін; - электр энергетикасы саласында электр станциялары топтары бойынша электр энергиясына шекті тарифтерді төмендету отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне айтарлықтай қолдау болады. 2. Өнімді еңбекпен қамтылу: - Теңіз кен орнын болашақ кеңейту жобасын дамыту кем дегенде 20 мың жұмыс орнын құрады және кем дегенде 32% (12 млрд.доллар) инвестиция қазақстандық тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын болады; - ірі компаниялар және алдыңғы қатарлы технологиялармен мұнай-газ жобаларында бірлескен жоғары технологиялық кәсіпорындарды құру мұнай-сервистік сектордың дамуына мүмкіндік береді. 3. Технологиялық жаңарту. Бұл жоғары технологияларды енгізу бойынша салалық міндеттердің кешені шешілетін Министрліктің негізгі бағыты. Сөз сөйлеу барысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мұнай-газ саласында жоғары технологияларды қолдану жолында ведомствоның үш негізгі міндеті туралы толықтай айтып өтті. 1-ші міндет - цифрлық технологияларды қолдану (негізгі салаларға жаңа сапа беруге мүмкіндік береді): - деректерді автоматтандырылған түрде жинау, өңдеу, сақтау, пайдалану үшін мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесін (МЕАЖ) енгізу. МЕАЖ мұнайды өндірудің және айналымының көлемін есепке алуды, мұнай айналымы кезінде туындайтын барлық техникалық ысыраптарды есепке алуды жаңғыртуға және автоматтандыруға мүмкіндік береді. - «Зияткерлік кен орны» бағдарламасын жандандыру (цифрлық кен орны). Бұл өндірісті автоматтандыруға, мұнай өндіруді 2-5%-ға арттыруға, материалдар мен жабдықтардың шығынын 10%-ға дейін азайтуға, энергиялық тиімділікті 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді.Уаз кен орнында жүйені енгізудің оң тәжірибесі қалыптасқан. Өзен, С.Нұржанов және Ақшабұлақ кен орындарында енгізіліп жатыр. - мұнай-газ кен орындарын жобалау және игеру кезінде цифрлық геологиялық және гидродинамикалық модельдерді пайдалану. Бұл игерудің тиімділігін көтеруге және ақырғы МШК-ны арттыруға мүмкіндік береді (Мұнайды шығарып алу коэффициенті). - сұйытылған газды өткізу үшін электрондық сауда-саттық алаңдарын енгізу. Бұл сұйытылған газ нарығын ынталандыруға, үлестірудің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысуын ықшамдайды. - газбен жабдықтауға абоненттердің қосылуына өтінімдерді тікелей желі тәртібінде қабылдау және өңдеу. Бұл рәсімнің мерзімдерін қысқартуға және рәсімнің барлық кезеңінде ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. - Ақпараттық жүйелерді және ашық IT платформаларды біріктіру жолымен Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде есептіліктің электрондық жүйесін енгізу. Бұл қоршаған ортаны қорғау жүйесінде деректерді жинау мен өңдеу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. 2-ші міндет – технологиялық қайта қаруландыру: - мұнай беруді арттырудың тиімді тәсілдерін қолдану. Бұл оларды өндірудің тиімділігін көтеруге және МШК-ны жоғарылатуға (Мұнайды шығарып алу коэффициенті) мүмкіндік береді. - мұнай өндіруді күшейту кен орындарының мұнай беруін 5-тен 20%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. - өндірілетін ілеспе мұнай газын ұтымды пайдаланудың тиімді тәсілдерін енгізу, оның ішінде газды кешенді қайта өңдеу бойынша бірыңғай циклде мұнай пайдаланушылардың қорларын біріктіру арқылы. Анықтама ретінде: ұсақ жер қойнауын пайдаланушылардың өңдеу қуаттарын салу үшін газ өндіру көлемінің және инвестициялық мүмкіндіктердің жеткіліксіз болуы,   осыған орай өндірілген газ не қат ішіндегі қысымды ұстап тұру үшін қабатқа айдалады, не алау етіп жағуды қоса алғанда,  технологиялық және өзінің мұқтаждықтарына пайдаланылады. Жақын орналасқан кен орындарының ресурстарын «түптеу қағидаты» бойынша біріктіру осы проблеманы шешуге мүмкіндік береді. Мысалға, Министрлік ұсынған және ВАК мақұлдаған схема бойынша Ақтөбе облысы Қожасай кен орнында газды кешенді дайындау кондырғысын салу жөніндегі жоба іске асырылуда және жыл соңына дейін оны аяқтау жоспарлануда. Бұл жоба газды еріксіз жағудың алдын алуға және үш жер қойнауын пайдаланушының («Казақойл Ақтөбе» ЖШС, «Арал Петролеум Кэпитал» ЖШС, «Каспий Нефть ТМЕ»АҚ) газ ресурстарын өңдеу үшін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. - электр энергетикасында зияткерлік энергия жүйесін енгізу; Зияткерлік энергетика энергия жүйесінің барлық құрамды бөліктерін қамтиды. Бірінші кезең – энергия беруші ұйымдардың санын қысқарту, электр желілерін жаңғырту, барлық деңгейлерде автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйелерін енгізу Екінші кезең – электр энергиясы сапасының көрсеткіштерін  бақылау жүйесін енгізу, аварияға қарсы автоматика жүйесін және жиілік пен қуатты реттеуді жетілдіру. 3-ші міндет – бәсекеге қабілетті экспорттық өндірістерді дамыту - қайта жасалатын өнімді шығару жөніндегі мұнайгазхимия жобаларын іске асыру (полипропилен өндіру – 500 мың тонна, полиэтилентерефталат өндіру - 430 мың тонна) - Қарашығанақ кен орнының ресурстық базасында қосылған құны жоғары газ-химия өнімдерін шығару мүмкіндігі, сондай-ақ өзге де жер қойнауын пайдаланушылардың ресурстық базасында бірқатар басқа жобалар, соның ішінде LNG-сұйытылған табиғи газын өндіру және  GTL – газды сұйықтыққа айналдыру жобалары. Ведомство басшысы Қанат Бозымбаев сөз соңында: «Жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәсілін қолдану мақсатында Бастамаларды енгізудің егжей-тегжейлі жоспарын пысықтау үшін Министрлікте 100 күн кезеңге «Әзірлеу тобы» жұмыс істейтін болады. Бұл топ  жаңғырту процестерін енгізудің нақты жоспарын әзірлеп шығады. Оның құрамына жетекшілік ететін салалардағы ұйымдар мен ғылыми-зерттеу институттары, соның ішінде «Атамекен», «Самрұқ-Қазына», «Қазмұнайгаз», «Казэнерджи» қауымдастығының өкілдері енгізіледі»,- деп мәлімдеді.