03 Наурыз, 2017

Ақпараттық технология адымдары

325 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының биылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы бірінші басымдық елімізде озық технологияны енгізуді жеделдетуге әрі оны одан әрі дамытуға бағытталғаны белгілі. Мұның алдыңғы қатарының бірінде ақпараттық технология мәселелері тұр. Міне, осы өзекті тақырып өңірде өткізілген арнайы мәжілістің арқауына айналды. Сөз жоқ, бүгінгі ақпараттық тех­­нология жөнінде ұзақ әңгіме айту­ға болады. Бірақ бұл әңгімелер оның бүгінгі қолданысқа енгізіліп үл­герген нақты мысалдарымен бай­ла­ныстырылмаса, бәрібір сол ба­яғы құр, бос сөз күйінде қалып қоюы әбден ықтимал. Ақтөбеде бұл тақы­рыпқа байланысты өткізілген мә­жілістің басты өзгешелігі – оған қаты­су­шылар өңірде іске аса бастаған бір­қатар ақпараттық технология түрлері­нің таныстырылымына куә болуында. Соның бірі – жер телімдерін беру кезіндегі кезектің сақталуын бақы­лап, бұл істе жариялылықты ор­нық­­тыруға септігін тигізе алатын «Жер қатынастары» атты жүйенің ал­ғаш­қы нәтижелері. Ақпараттық тех­но­ло­­гия­ның осынау өміршең жаңа түрі бо­йын­ша бұған дейін орын ал­ған көп­те­ген келеңсіздіктердің тамы­­ры­на бал­та шабуға, аталған істі оң­тай­лан­­ды­руға, сонымен бірге, мұн­да­ғы адам факт­орын, яғни бұл іске адам­дар­­д­ың тікелей араласуын тежеуге бо­ла­ды. Сондай-ақ, алынған жерді тиім­­­ді пай­д­а­­ланбай жүргендер де бұл тех­­но­­ло­гияның құрығынан құтыла алмайды. Тағы бір айта кетерлік жайт, «Жетекші тақтайшасы» атты жоба бойынша тұрғындарды облыстағы әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысындағы мәліметтерді жедел түр­де таныстыруға мүмкіндік жасал­ған. Бұл мәселеге зейін қойған­дар оны талдап, талқылауға да араласа алады. Мұндай мысалдар жеткі­лікті. Оның алдыңғы қатарында таяуда ен­гізілген «Жедел мониторинг» модулі бар. Бұл арқылы орын алғаны­на отыз минут өте қоймаған төтенше жағдай мен ішкі істер органдарының жедел деректерімен танысуға болады. Сонымен бірге, өңірде мемлекет­тік бағдарламалардың жүзеге асу барысын ұңғыл-шұңғылына дейін таныстыратын, соның ішінде ин­нова­циялық жобалардың жілік ма­йын шағып көрсететін сараптамалық модуль іске қосылған. Ұсынылған мәлі­­­мет­тердің өзектілігін сақтау үшін елі­міздің құқықтық статис­ти­ка жө­ніндегі комитетіне қарас­ты ақ­параттық жүйелер мен интег­рация­лық сипаттағы байланыстар орнатылған. Облыстағы аса маңызды жоба­лар­дың тағы бір легі тұрғын­дардың өмір сүру сапасын көтеруге бағыт­талған. Атап айтқанда, ақылды бағ­дар­шамдардың енгізілуі, көлік құрал­дарын кідірту көріністерін азайтуға арналған қадамдар. Жанар­май шығы­ны мен зиянды заттар шығаруды төмендетуге арналған модульдер және «жұмыл­ғыш инс­пек­тор» жобасы осы пікірімізге айқын айғақ. Бір сөзбен айтқанда, Ақтөбе аймағында Президент Жолдауында көрініс тапқан ақпараттық техноло­гия мәселесінің адымы аршынды. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» АҚТӨБЕ