03 Наурыз, 2017

Болашаққа серпінді қадам

288 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елімізге қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндеріне жауап қайтаруға мүмкіндік беретін Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жүзеге асыруды қамтамасыз етуді міндет етті. «2030» Стратегиясын мер­зімі­нен бұрын орындау Қазақ­стан­ға әлемдегі ең дамыған 50 мем­ле­кет­тің қатарына кіруге мүм­кіндік берді. Бүгінде біздің елі­міз – пост­кеңестік кеңістікте та­ныл­ған көшбасшы, әлемдік қауіп­сіздіктің қалыптасуына, эко­­но­микалық тұрақ­тылықты ны­­ғайтуға, ха­лық­аралық ынты­мақ­­тас­­тықты дамы­туға бағыт­тал­ған көптеген үдеріс­тердің бас­тау­шысы. Орындалып жат­қан серік­тестік және сенім сая­саты­ның сал­мақты нәтижелері Қазақ­стан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі­­нің мүшесі болуға, Қазақ­стан­ның ЕҚЫҰ-ға, Астана эконо­ми­­­ка­­лық форумы, Ислам Ынты­­мақ­­­тас­­тығы Ұйымына, Шан­хай ын­­ты­­мақтастық ұйымы­на, Азия­­­­дағы өзара іс-қимыл және сенім шара­лары жөнін­дегі кеңес­ке, Еура­­зия­лық экономи­ка­лық одақ­­­қа төраға­лық етуіне және ЭКСПО-2017 халықаралық көр­ме­сі­­нің елімізде өтуіне ықпал етті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы­ның басты нәтижесі таңдап алған жо­лымыздың дұрыстығына деген сенімімізді бекемдеп, бала­лары­мыздың болашағы үшін жұмыс істеуге деген ниеті­мізді арт­тыра түсті. Осы жылдар ара­лығында Тәуелсіз Қазақ­стан­ның құндылықтарын, сол құндылықтардың жоғары та­рихи-философиялық, әлеу­мет­­тік-гуманистік ақыл-пара­сат құндылықтарын сіңірген қазақстандық ұрпақ өсіп, қалып­тасты. Елбасының Жол­дауында барлық қазақ­стан­дықтардың өмір сапасын және дәулеттілігін жақ­сартуға бағытталған «Қазақ­стан-2050 стратегиясы: қалып­тасқан мемлекеттің жаңа сая­­си бағыты» атты стратегиялық бағ­дар­ламасының, Бес инсти­тут­тық реформаны орындау бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жос­пары­ның, «Мәңгілік Ел» Пат­­­риот­тық актісінің идеялары өзі­нің қи­сын­ды жалғасын тапты. Бүгін біз өндірісте, аграрлық сек­торда, білім беру мен ден­сау­лық сақтау саласында, яғни ұлт­тық экономиканың барлық сала­ларын­да жұмыс істейтіндер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қой­ған «экономиканың әлемдік өсімі­нің орта деңгейден жоғары қар­қынын қамтама­сыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұ­рақты түрде ілгерілеуге» шақы­ратын басымдықтарды жоғары деңгейде ұғынуымыз қажет. Шикізатқа тәуелсіз инно­ва­циялық экономиканы дамы­ту – біздің негізгі, маңыз­ды басым­дығымыз. Алдағы болашақта шикізаттық тәуелділіктен еркін инновациялық экономиканы дамыту біздің маңызды басым­дығ­ымызға айналады. Осы ба­ғыт­­та жетекші рөл адами капи­тал қалыптастырылатын орта ре­тін­де білім беру жүйесіне бө­ліне­ді. Негізгі ретінде Елбасы «білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынын жасау» міндетін қояды. Президент көрсеткен перс­пек­тивалық салаларды: 3D-прин­тинг, онлайн-сауда, мобиль­ді банкинг, цифрлы қызмет көр­сету­ді елде дамыту жоғары оқу орын­дары мен ғылыми орталық­тар қам­тамасыз ете алатын ғылыми құрамдас бөлігінсіз дамыту мүм­кін емес. Бұл үшін жоғары кәсіп­тік білім беру жүйесіне IT-білім беруді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға және жастарды патриотизмге тәрбиелеуге ерек­ше назар аудару керек. Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруына ауысуы, Прези­дент­тің пікі­рін­ше, толық шамада жоға­ры білікті кадрлармен қам­­та­ма­сыз етілген болуы керек. Осы мақ­сатпен білім беру жүйе­сін­де үлкен реформалар жүргі­зіл­ді: түлектерді даярлау сапа­сын тәуел­сіз бағалау жүйесі құрыл­ды, Ұлт­тық біліктілік шең­бері қалып­тас­тырылды, кәсіп­тік стандарттар әзірленуде. ЖОО түлектерін ұлттық эко­но­­ми­каның барлық салалары үшін са­палы даярлауды тек қана жо­­­ға­ры білікті профессорлық-оқы­­ту­­шылар құрамы ғана қамта­м­а­­сыз ете алады. Осыған орай, Пре­­­зи­­­дент өз Жолдауында сөз ет­кен кадр­­лық құрамға қатысты ба­қы­­лау мен талаптарды күшейту қа­жет­­ті­лі­гімен келіспеу мүмкін емес. Елбасының Жолдауынан Тәуел­­­сіз Қазақстанның әрі қарай өр­­кендеуі елдің ертеңгі ж­а­­ңаруы бойынша міндеттерді ше­­ше­­тін құзыретті, бәсекеге қабі­­лет­­ті қазақстандықтардың жаңа буы­ны­мен байланысты. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мем­лекет­тік уни­верситетінің ұжы­мы Жол­даудың идеясын тұтас­тай қолдай оты­рып, елдің иннова­ция­лық дамуы­на өзіндік үлесін қоса бере­тін болады. Еркін КӨБЕЕВ, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор ҚАРАҒАНДЫ