03 Наурыз, 2017

Әрбір ұсыныстың өзіндік орны бар

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Н.Назарбаев Мем­ле­­кет­тік билік тармақтары арасын­­­дағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөнін­де құрылған жұмыс тобымен оның қорытынды отырысын өткізді, конс­титуциялық реформалар бойынша халық тарапынан түсіп жатқан ұсыныстармен танысты. Ел азаматтарынан конституция­ның 63 бабына қатысты 6 мыңға тарта ұсыныс түскені белгілі болды. Бұл ұсыныстың артында қоғамның пікірі тұр. Әрбір ұсы­ныстың өзі маңызды. Оның бар­лығын жүйелеу, заңнамалық тұр­ғыда зерделеу – үлкен жұмыс. Конституция дегеніміздің өзін қоғамның бірлесе отырып қабыл­дайтын ортақ келісімшарты деп түсіну керек. Елбасымыздың конс­ти­ту­циялық консенсус туралы айт­қаны өте орынды. Ата Заңы­мызға қатысты айтылған ұсы­ныс­тар қара­пайым азаматтар тарапы­нан да, білікті сарапшылар тара­пынан да тал­қылануда. Талқы­лау­ларға елі­міздің барлық өңірі атсалысты. Жалпы, бірқатар бап бойынша сая­саткерлер емес, заңгерлер қауымы көп пікір білдіргенін байқадым. Заңгерлердің де пікірлері әртүрлі. Өз басым халықаралық шарттарды, басқа мемлекеттердің тәжірибесін шолып шықтым. Қазақстан тарапы­­нан халықаралық 50 шарт қабыл­дағанбыз. Халықаралық шарт­тар біздің заңдарымыздан жо­ғары деңгейде тұрады, алайда, Кон­с­ти­туцияның мәртебесі барлығынан да биік. Заңгерлер маңызды деген ұсыныстар бойынша әлі де жұмыс жүргізіп, өзара талқылап, өз ой-пайымдарын айтуға тиіс. Жалпы, конституциялық рефор­маларға қатысты ұсыныстарды талқылауға бүкіл қоғам атсалыс­ты. Екіншіден, талқылау кезінде заманауи интернет технологиялар пайдаланылды. Халықтың ұлттық сана-сезімі, қоғамның деңгейі айтарлықтай өскені байқалды. Марат БӘШІМОВ, заң ғылымдарының докторы, профессор