03 Наурыз, 2017

Бұл – оң өзгерістер бағдарламасы

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі атқарылып жатқан жұмыс еліміздегі жалпы саяси реформалардың бір бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс. Қазақстан бұған дейін «алдымен – экономика, содан кейін – саясат» деген қағадат­ты негізге алып келді. Елі­міз­дің бұл бағытты ұстануы­на тәуелсіздік таңындағы экономикамыздың мүшкіл халі басты себеп болды десек, қателеспеспіз. Ширек ғасыр өте келе, еліміздің бұ­ға­на­сы қатып, дамыды. Қазақстан нақ­­ты жетістіктерге қол жеткізді. Деген­мен, еліміздің алдын­да озық мемле­­кет­те­р­дің қатары­на қосылу міндеті тұр. Қазақ­станның одан әрі дамуына, сапалы өсуіне жаңа шабыт, жаңа серпіліс қажет екені анық. Сондықтан саяси рефор­маларды жүргізу бағытындағы бастама уақтылы көтеріліп отыр. Билік тармақтары ара­сында өкілет­тіктерді қайта бөлудің ұзақ мерзімдегі басты нәтижесі: қуатты Парламент, жауап­ты атқарушы билік және тәуел­сіз сот жүйесінің пайда болуы. Бұл – тек жаһан­дық үрдіске ілесу ғана емес, сонымен бірге, Қазақстан­ның тұрақты­лы­­ғына, келешек өркен­деуіне тіке­лей әсер ете­тін оң өзгерістер бағдар­ламасы. Ал бұл реформалар дес­тесінің келе­шегіне тоқтала­тын болсақ, менің ойымша, саяси реформаның кел­е­сі кезең­дерінде сот жүйесінің тәуел­сіз­дігі мен жергілікті би­ліктің, яғни әкім­дік­тер мен мәслихаттардың өкілет­тік­­терін арт­тыруға айрықша көңіл бөлін­се, еліміздің тұрақ­ты дамуына айтар­лықтай жағымды әсер тудырар еді. Жанболат ҮСЕНОВ, Еуразиялық кеңестің халықаралық қатынастар жөніндегі директоры