03 Наурыз, 2017

Болашақтың кілті білікті маманның қолында

277 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Болашақтың экономикасын құру үшін негіз қалау маңызды. Смарт-технологиялар, жасанды ин­тел­­лект, киберфизикалық жүйе­лер ин­теграциялары, болашақ­тың энер­гетикасы, жобалау және ин­жи­ни­ринг салаларында біліктілікті дамыт­у қажеттігі туындайды. Мұны тек тиім­ді ғылыми-инновациялық жүйе құру арқылы ғана жасауға болады. Биылғы Жолдауында Елбасы ғылыми-техникалық қызметтің нәтиже­сін коммерциялаудың тиімді жүйе­сінің аса қажет екенді­гін атап өткен болатын. Бұл жүйе дамуы­ның маңызды құрамы ғылым мен бизнес арасындағы мықты байланыс болып табылады. Ғылым мен бизнес арасындағы байланыстың дамуына қолғабыс ету мақсатында Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банктің қатысуымен Технологияларды коммерциялау жобасын жүзеге асыруда және оның шеңберінде «Технологияларды коммерциялау орталығы» қызмет етуде. Аталған жүйені дамытудың маңызды құрамдас бөлігі ғылым мен биз­нестің арасындағы байланыс болып табылады. 2013-2016 жыл­дары осы жоба шеңберінде 65 ҒЗТКЖ жобасы және 16 инно­ва­циялық грант жобалары сияқ­ты жалпы құны 6 млрд теңге­ден астам жоба іске асырылуда. Жас ғалымдардың ғылымға келуі көбейді. 35 жасқа дейінгі ғалымдар үлесі 38 пайызға дейін, 45 жасқа дейінгі ғалымдар үлесі 56 пайызға дейін өсті. Инновациялық технология­лар паркінің инновациялық кластерінде 67 ғылыми-зерттеу институтының, 45 жоғары оқу орнының, 40 мыңнан астам бітірушінің қабілет-қары­мы жұмылдырылып, онда тех­но­логиялық дағдыларды алуға, жоба­лар акселерациясына және сер­пінді идеялардың жүзеге асуы­на қажетті жағдайлар жасалу­да. Бола­шағы мол әзірлемелерді қар­жы­лан­дыру үшін парктің мамандан­дырылған автономды кластерлік қоры құрылған. Елбасы Жолдауда басты ба­сым­­дық­­тардың бірі – экономика­ның жедел­детілген технологиялық жаң­ғыр­тылуы екенін атап өтті. Яғни, цифрлы технологияны қол­­дану арқылы құрылатын жаңа ин­­дус­трияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді мін­дет. Мақсат 3D-принтинг, он­лайн-сауда, мобильді банкинг, цифр­лы қызмет көрсету секілді ден­сау­лық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспек­тивалы салаларды дамыту болып табылады. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеу және қабылдау тапсырылды. Осының бәрі экономиканы әр­тараптандыруға мүмкін­дік береді. Экономикасы әртарап­тандырылған елдердің халқы дағдарыс кезін­де қинала қой­майды. Яғни, инвес­тициялық бел­сенділік пен сұраныс төмен­деуде, ал бәсеке тек күшейіп келе­ді. Сондықтан индустриялық-инновациялық бағдарламасын жандандыру барысында өнім­ділік пен тиімділікті арттыруға, өнім­ділігі аз салаларды қолдаудан бас тартып, алдымен экспортқа бағыт­талған перспективасы барын ғана таңдауға ден қою қажет. Әбдіжапар САПАРБАЕВ, экономика ғылымдарының докторы, профессор