03 Наурыз, 2017

Lada Largus жаңа минивэн шығарды (фото)

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ресейдің Нижегород қаласындағы "Самотлор-НН" кәсіпорны Lada Largus көлігінен А санатты "жедел жәрдем қызметі" көлігін жасап шығарды. Ол үшін көлікке айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Көліктің жаңа түрі бұрынғысынан 270 мм-ге ұзынырақ және биіктеу. Көліктің ішкі биіктігі 1,35 метр. Аталған кәсіпорын қазір жаңа көлікті жаппай сатылымға шығара бастады. Көлік құны 4 млн 675 мың теңге айналасында.